Желіге шолу, Мереке күндері, құлақтандыру дыбысы.28-ші ақпанның топ жаңалықтары

Автор: редактор 28 Ақпан, 2022


Ендеше біз ұсынған ТОП-3 жаңалыққа да көз жүргіртіп шық!

1️⃣ Білім және ғылым министрлігінің интернет желісінде “Желіге шолу” атты жаңа жобасы іске қосылды.

Басты мақсат – желі қолданушылары жазған пікірлерге, сұрақтарға жауап беру және көпшілікке дұрыс ақпаратты ұсыну.

Ал сенің көкейіңде жүрген қандай сұрақ бар?

2️⃣ 2022 жылдың наурыз айында Қазақстан халқы демалыстар мен мереке күндерін қосқанда 12 күн демалады.

Мәселен, халықаралық әйелдер күні биыл сейсенбіге түсіп тұр. Сол себепті 5 наурыз жұмыс күні болып жарияланды. Осылайша 6,7 және 8 наурыз демалыс күні болады.

Ал Ұлыс ұлы күніне орай 19-23 наурыз аралығында демаламыз.

Демалыс күндеріне құрып қойған қандай жоспарларың бар?

3️⃣ 1 наурыз күні барлық елде құлақтандыру дабылы іске қосылады.

Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күні қарсаңында 1 наурыз сағат 9:00-ден 12:00-ге дейін елімізде азаматтық құлақтандыру жүйесіне тексеру жүргізіледі.

Төтенше жағдай министрлігінің мәліметінше, бұл тұрғындарды табиғи құбылыстардың әсерінен болатын апаттың және жойқын әсердің теріс салдарынан қорғауға мүмкіндік беретін негізгі қауіпсіздік шарасы.

Ал сен тағы қандай жаңалықты қосып өтер едің?