Жер сілкінісі,Кеңесші, Чемпион. 5 наурыздың топ жаңалықтары

Автор: редактор 05 Наурыз, 2024


Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!✔️

1️⃣ Алматыда жер сілкінісі туралы халықты жедел құлақтандыру жүйесі енгізіледі.

Алматы әкімі Ерболат Досаев 2024 жылы мамыр айының соңына дейін халықты төтенше жағдайлар туралы жедел құлақтандыру жүйесі енгізілетінін мәлімдеді.

Әкім айтуынша, жүйе президент тапсырмасы аясында қолға алынды.

«Алматы әкімдігі пилоттық режимде цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі және төтенше жағдайлар министрлігімен бірлесіп, қала тұрғындарын төтенше жағдайлар туралы жедел хабардар ету мақсатында биыл мамыр айының соңына дейін 475 млн теңге бөлінген Cell Broadcast технологиясын пайдалана отырып, «Mass Alert» қағидаты бойынша халықты жедел құлақтандыру жүйесін енгізуді жоспарлап отыр», – деді Досаев үкімет отырысында.

Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді📌

2️⃣ Азия чемпионатында көркем жүзуден Қазақстан құрамасы чемпион атанды.

Филиппиннің Нью-Кларк-Сити қаласында су спорты түрлерінен өтіп жатқан XI Азия чемпионатында көркем жүзуден Қазақстан құрамасы чемпион атанды.

Нақтырақ айтсақ, көркем жүзуден Даяна Джаманчалова мен София Ищенко жұбы (13-15 жас тобы) еркін бағдарламада қарсылас шақ келтірмей бас жүлдені жеңіп алды.

Құтты болсын!😍👍

3️⃣ ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Ақжүрек Таңатаров Жамбыл облысы әкімінің кеңесшісі болды.

Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі мәлім етті.

«Ақжүрек Таңатаров Жамбыл облысы әкімінің спортты дамыту жөніндегі кеңесшісі (штаттан тыс) болып тағайындалды», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, Ақжүрек Таңатаров еркін күрестен Қазақстанның 4 дүркін чемпионы, бірнеше дүркін халықаралық біріншіліктің жеңімпазы, сонымен қатар еркін күрестен Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері.

Спортшының жаңа қызметіне сәттілік тілейміз!👏🏻