Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!
Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз✅
1️⃣ 29 шілдеден бастап “Алматы жастары” бағдарламасына құжат қабылданады.
«Алматы қаласы коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы 2024 жылы 29 шілде мен 7 тамыз аралығында «Алматы жастары» бағдарламасы аясында тұрғын үй сатып алуға қажетті жеңілдетілген несие алу үшін 35 жасқа дейінгі жастардан өтінім мен құжат қабылдау басталады», — деп жазды әкімдік.
Бағдарламаға қатысу үшін өтінімді www.almaty-zhastary2024.kz сайты арқылы беруге болады.
Бұл үшін электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) қажет.
Несие беру шарттары:
Қарыздың ең жоғары сомасы – 18 млн теңгеге дейін;
Пайыздық мөлшерлеме – 5%;
Бастапқы жарна – 10%;
Бастапқы және қайталама тұрғын үй алу мүмкіндігі.
Бұл бағдарлама бойынша ең кемі 1200 адамға өтінім мақұлданады.
Қатысуға қойылатын негізгі талаптар:
Қазақстан азаматтығы;
1. Өтінім беру кезінде өтініш берушінің және жұбайының (бар болса) Алматы қаласында тұрақты тіркеуі болуы;
2. Өтінім беру кезінде қатысушы 35 жасқа толмауы керек, ал жұбайының (бар болса) жасы есепке алынбайды. Бағдарламаға негізгі қатысушы ретінде ерлі-зайыптының біреуі ғана қатыса алады;
3. Қатысушының және оның отбасы мүшесінде меншік құқығында тұрғын үйдің, сондай-ақ Қазақстан аумағында соңғы 5 жыл ішінде тұрғын үй жағдайының әдейі нашарлауы фактісінің болмауы.
4. Қатысушының Алматы қаласында ең кемі соңғы 6 ай бойы міндетті зейнетақы аударымы бар жұмыс өтілі болуы қажет. Атап айтқанда, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, ЖОО-лар және ҒЗИ, журналистер, әлеуметтік сала, құқық қорғау органдары, қалалық коммуналдық қызметтер және «Жұмыс істейтін жастар» бағдарламасы бойынша жалдаушылары.
Құллаққағыс! Мүмкіндікті жіберіп алмаңыздар!📌
2️⃣ Adidas Белла Хадид бейнеленген жарнаманы алып тастады.
Adidas Олимпиада ойындарының дизайнымен жасалған кроссовкалардың жарнамалық науқанын қайта қарайтынын мәлімдеді.
Бейсенбі күні Израильдің Х әлеуметтік желісіндегі ресми аккаунты Хадидке қарсы шығып, “Мюнхендегі Олимпиада кезінде палестиналық террористер он бір израильдікті өлтіргенін” еске салды.
Әкесі палестиналық Хадид осы жылдар ішінде Израиль үкіметін сынап, еврей мемлекетіне дұшпандық танытып, палестиналықтарды қолдайтын көптеген мәлімдемелер жасады.
7 қазандағы шабуылдан кейін және Израиль мен ХАМАС арасындағы қақтығыс басталғаннан бері ол Instagram-да жазықсыз адамдардың қаза болғанына өкініш білдіретін мәлімдеме жариялады және ізбасарларын Газа тұрғындарын қорғау үшін өз басшыларына қысым көрсетуге шақырды.
Модель Израиль тарапынан үлкен сынға ұшыраған еді. Компания көпшіліктен кешірім сұрады👍
3️⃣ Астанада қоғамдық көліктегі жол жүру құны қымбаттайды.
Әкімдіктің мәліметінше, соңғы он жылда автобустағы билет құны 90 теңгеден қымбаттамаған.
“Астанада қоғамдық көлікте жол жүру құны 1 тамыздан бастап 90 теңгеден 110 теңгеге дейін артады. Қалалық маршруттарда жол жүруге 90 теңге тариф 2014 жылдың қыркүйегінде белгіленді. Бұған дейін қаулы жобасы ашық НҚА порталында жария талқылауға шығарылған болатын”, — деп жазды ведомство.
1 тамыздан бастап қоғамдық көлікте жол жүру тарифі көтеріледі екен.💸