Зообақ, Каталина, Тегін кино. 8-ші тамыздың топ жаңалықтары

Автор: редактор 08 Тамыз, 2022


Бәріне сәлем!

Назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!🔥

1️⃣ Алматы зообағында 300 жылдық алып емен ағашы бар

Емен діңі өте жуан, ағаш бүгінде жайқалып өсіп тұр.

«Қала тұрғындары мен қонақтары осы ағаштан күш-қуат алу үшін арнайы келеді», – дейді хайуанаттар бағынан.

Емен ең ұзақ уақыт өмір сүретін өсімдік екенін білесің бе?🤔🤔🤔

2️⃣ Қазақстандық әйел Каталина бұғазын жүзіп өтті

Қазақстанның темір ханшайымы атанған Әнел Сытдықова Лос-Анджелесте әлемдегі ең ұзақ марафондық қашықтықтардың бірін тоқтамастан 18 сағат 19 минутта жүзді.

Марафондық жүзу 4 тамыз күні сағат 23.00-де басталып, Әнел мәреге келесі күні жетті.

Бұғазды алғаш болып жүзіп өту керемет сезім сыйлайтын шығар, иә!👍👍👍

3️⃣ 10 мыңға жуық бала жаз бойы тегін кино тамашалады

Елордалық балалар «Қазақконцерт» мемлекеттік ұйымының ұйымдастыруымен өткен шараға белсене қатысты.

Ұйым директорының шығармашылық қызмет бойынша орынбасары Серік Нұрмолдаевтың айтуынша, балаларға тегін кино көрсету дәстүрі одан әрі жалғасады.

Бұл балаларға берілген таптырмас мүмкіндік екен!👏👏👏