Зульфия Чиншанло, Көрме, Месси. 13-ші тамыздың топ жаңалықтары

Автор: редактор 13 Тамыз, 2022


Бәріне сәлем!

Назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!🔥

1️⃣ Мәскеудегі көрмеде Қазақстан павильоны үздік деп танылды

«Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесіндегі «Қазақстан» павильоны «Құрылыс саласындағы ең үздік іске асырылған жоба» байқауының «Мәдени мұра объектiсін заманауи пайдалануға бейімдеу және қайта қалпына келтіру» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.

Марапаттау рәсімі бүгін «Манеж» сауда-көрме орталығында Мәскеу мэрі Сергей Собяниннің қатысуымен өтті.

Керемет емес пе?! Еліміз үздіктер қатарында!😍😍😍

2️⃣ Зульфия Чиншанло Ислам ойындарында 3 алтын медаль жеңіп алды

59 кг-де сынға түскен қазақстандық ауыр атлет жалпы есепте 220 келі (95 кг+125 кг) зіл темірді бағындырды.

Айта кетейік, Ислам ынтымақтастығы ойындары 2005 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді.

Жеңіс құтты болсын, Қазақ елі!🇰🇿🇰🇿🇰🇿

3️⃣ Месси алғаш рет «Алтын доп» үміткерлері тізіміне кірмей қалды

France Football журналы маусым қорытындысы бйоынша ең мықты футболшыға берілетін «Алтын допқа» үміткер 30 ойыншының тізімін жариялады.

Қысқа тізімге 2005 жылдан бері алғаш рет Лионель Месси кірмей қалды. Аргентиналық бұл сыйды жеті рет алған болатын.

Мессидің жанкүйерлері үшін жағымсыз жаңалық екен!😕😕😕