Featured Video Play Icon

4 пайыздық автонесие: оны қалай аламыз?

Автор: редактор 05 Ақпан, 2023


4 пайыздық автонесие: оны қалай аламыз?

Қазақстанда жеңілдетілген автонесиеге өтініштер қабылдана бастамақ. Ол қысқа 7 қадамнан тұрады.

1 Бағдарламаға қатысушы адам автосалонға барып, Қазақстанда жасалатын көліктердің ішінен өзіне қажетін таңдайды.
2. Егер ол таңдаған көлік бар болса, автосалон VIN-коды бар төлем шотын ұсынады. Ол төлем шоты 5 күнге жарамды.
3. Осы 5 күннің ішінде тұтынушы екінші деңгейлі банктердің біріне барып қолындағы VIN-коды бар төлем шоты арқылы өтінім рәсімдейді. Банктер мынадай: «Халық банк», «Банк ЦентрКредит», «Форте банк» және Еуразиялық банк».
4. Банк өтінімді қабылдағаннан кейін өзінің электронды кезегіне тіркейді.
5. Несие беру туралы оң шешім шығару үшін банк өтінім иесінің төлем қабілеті мен несие тарихын тексереді.
6. Өтінім мақұлданса, банк кепілхат береді.
7. Тұтынушы ол кепілхатты автосалонға апаруы керек. Автосалон төлем шотын берген күн мен тұтынушы кепілхат әкелген күннің арасында бес күннен артық уақыт өтпеуі керек.

Көлік рөліне ие болыңыз!