Featured Video Play Icon

418 мың баланың ата-анасы мектеп формасы мен кеңсе тауарларын сатып алуға 37 389 теңге алады

Автор: редактор 16 августа, 2022


Қымбатшылық ата-аналарды сеңделтті. Ал Үкімет барын жасауда.

Бұрындары әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан оқушыларға мектеп формасы заттай берілетін болса, биылғы жылдан бастап ата-ананың жеке шотына қаражат түрінде аударылатын болады. Алайда, ата-аналар 15 күн ішінде  қаражаттың мақсатты түрде жұмсалғанын растауы қажет, деп мәлімдеді Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Дулат Жекебаев.

«Бұл жерде қаражаттың нысаналы пайдаланғанын растайтын құжаттарды, яғни төлем түбіртегі, сурет сынды дәлелдемелерді сатып алғаннан кейін 15 жұмыс күні ішінде білім басқармаларына өткізуі тиіс. Себебі, ата-ана қаражат алар алдында оның нысаналы жұмсалғанын растайтын құжттарды ұсынуға келісетінін және жалған ақпарат пен анық емес құжаттар бергені үшін жауапкершілік туралы ескертілгенін растап, өтініш жазады», – деп түсіндірді Дулат Жекебаев.

Әр балаға 37 389 теңге қарастырылып отыр. Көмек алатын адамдардың тізімін жергілікті атқарушы органдар жасақтайды. Оған ену үшін мектептің әлеуметтік педагогына барып өтініш жазу керек.