Featured Video Play Icon

68 елдің фанаттары Димаштың Алматыдағы алғашқы концертін тамашалады.

Автор: редактор 28 сентября, 2022


«Stranger» атты шоу 23 қыркүйек күні Орталық стадионда өтті.

Халық концерттен екі сағат бұрын жинала бастады.

Димаш қазақ, орыс, қытай, француз және ағылшын тілдерінде ән шырқады. Отандық әнші домбыра, барабан мен басқа да музыкалық аспаптарда ойнады. Шоу аясында Димаш жаңа туындыларын да ұсынды. Атап айтсақ, ол інісі Әбілмансұр Құдайберген жазған туындыны, «Бір аспан тарихы» авторлық композициясыны алғаш рет орындады.

Жиналған халық әртіспен бірге ән айтып, стадионда 10 мыңдай түрлі-түсті шам жағып, сүйікті әншісіне өз ілтипатын білдірді. Димаштың өзі келген халыққа, өзіне әрдайым қолдау көрсететін ата-анасына алғыс айтуды ұмытқан жоқ.