Қайда тегін баруға болады?

Автор: редактор 12 Тамыз, 2023


Құрметті оқырмандар! Қауырт жұмыс аптасынан кейін көбі әдемі жерде демалуды жоспарлайды. Бәлкім, бұл қатарда сіз де бар шығарсыз?🤔   

Ендеше #Үйдежатпа ұжымы арнайы сіз үшін Алматы, Астана және Шымкент қалаларында осы демалыс күндері тегін баруға болатын іс-шаралар топтамасын дайындап қойды. Ал басқа қалалардан ақпарат болмағандықтан, сен өзің ұсынатын орныңды жазып кет!

АЛМАТЫ:

 

🎬Ашық Кинотеатр

Фильмді ыңғайлы қалыпта тамашалау үшін көрпеше алып алыңыз. Ал балалар тек ересектердің бақылауымен қатыса алады. Өзіңізбен бірге тамақ – сусыныңызды әкелуге рұқсат етілмейді. 

12 тамыз сағат 20:30 – да – «Мадагаскар 2», 23: 00-де – «Трансформеры: Месть павших» 

Орналасқан жері: Hide Park, Әл-Фараби даңғылы, 176

 

📚Кітап алмасу

Әркім өзі әкелген кітабын басқа қатысушымен алмастыра алады. Ұйымдастырушылар өнер нысанын жасау үшін қажет емес, ескі немесе бүлінген кітаптарды да алып келуіңізді сұрайды.

Орны: Forum Almaty СОО, Сейфуллин даңғылы, 617

Күні: 13 тамыз 14:00-17:00 аралығы

 

🎬»Қазақфильмнің» ашық аспан астындағы кинофестивалі

Ашық аспан астындағы үлкен экраннан отандық фильмдерді тамашалай аласыз.

Орны: Mega Park СОО аумағында футбол алаңы, Мақатаев көшесі, 127/1

Күні: 12 тамыз. 20:00

 

🎨 Сабина Сұлтанбаеваның «Жүрек қалауымен» атты жеке көрмесі

Жас қазақ суретшінің шығармашылығы – туған жер мен табиғаттың ерекшелігіне негізделген. Туындыларының тақырыбы сан алуан. Сабинаның суреттері арқылы табиғаттың көркем құбылыстарымен, жылдың әр мезгілінде салынған қалалар мен ауылдардың көрінісімен танысуға мүмкіндік бар. Суретші көбінесе ауыл тақырыбына жүгінеді. 

Орны: Almaty Gallery, Достық даңғылы, 44

Күні: 12 және 13 тамыз. 11:00-19:00  

 

🎭»Салауатты Демалыс» жобасы

Балаларды көңілді ойындар, танымдық сайыстар, қызықты дәрістер мен шығармашылық шеберлік сабақтары күтеді. Ең белсенді қатысушыларға арнайы сыйлықтар бар. Атап айтатын болсақ, бояу кітаптары және дәмді тағамдар. 

Орны: ЦПКиО жазғы сахнасы, Гоголь көшесі, 1

Күні: 12 және 13 тамыз. 12:00 – 14:00

 

 

АСТАНА:

 

🎆»Ашық Аспан” көше өнері фестивалі

Фестиваль аясында суретшілердің туындыларының тұсаукесері, шеберлік сабақтары мен экскурсиялар өткізіледі. Іс-шара сөз бостандығы мен қозғалыс еркіндігін біріктіруге бағытталған. 

Орналасқан жері: Орталық Метрополитен саябағының амфитеатры

Күні: 12 және 13 тамыз. 10:00 – 18:00

 

🏠»Дала қазынасы» көрмесі

Көшпелі қазақ тұрмысына арналған заттардың көрмесін суретші әрі коллекционер Сержан Баширов бірнеше жылдан бері жинап келеді. 

Орны: Forte Kulanshi Art Space, Достық көшесі 8/1

Күні: 12 және 13 тамыз. 10:00 – 20:00

 

 

ШЫМКЕНТ:

💫Диас Давесовтың “Қағаз рапсодиясы” атты жеке коллаждар көрмесі

Бұл автордың Шымкентте өтіп жатқан – тұңғыш үлкен көрмесі. Онда 70-тен астам коллаж болады. Көрмеде Диастың бейнелеу өнерінің осы түрі бойынша үш жыл жасаған коллаждарының үлкен бөлігін тамашалай аласыз.

Орны: музыкалық аллея, Қазыбек би көшесі, 13А

Күні: 12 және 13 тамыз. 10:00 – 18:00

Айтпақшы, тегін кино билеттерін әр жұма сайын біздің арнада өткізілетін викторинадан ұтып ала аласыз. Сонымен қатар жазбаларымызға пікір жазып, белсенді болған 3 оқырманымызға айына бір рет кино билеттерін табыстаймыз. Ендеше демалыс күндеріңіз жақсы өтсін!