Featured Video Play Icon

Қалай би жаттықтырушысы болуға болады? Оның жалақысы неге байланысты? Waacking дегеніміз не?

Автор: редактор 15 Наурыз, 2022


Барлықтарына сәлем! Менің есімім Аружан, жасым 23-те және де мен Waacking бағытының жаттықтырушысымын.

Мен би саласына 2012 жылдан бастап келдім, жалпы би мәдениетімен 10 жылға жуық айналысып келемін. Барлығы Hip Hop-тан басталды, Hip Hop-пен 5 жыл айналасып Popping, Dancehall сияқты әртүрлі стильдерде, әртүрлі стильдер үйлестерінде билеп көрдім. Waacking-ке мен 2018 жылы келдім, жалпы осы стильге бұрыннан бері үлкен қызығушылық танытып жүрдім, бірақ саналы түрде осы стильге 2018 жылы келдім.

1. Waacking деген не?
-Waacking ол заманауи би стильдерінің бағыттарының бірі, бидің тарихына тоқталсақ, Waacking 70 жылдары АҚШ-тың (Лос-Анджелес-те) түнгі клубтарында құрылған. Бұл стильдің негізің қалаушылардың бірі Тайрон Проктор, бізге шеберлік сабақтарын беру үшін Қазақстанға келген кезіңде, қалаушыларды 40 жылдардың фильмдері шабыттандырды. Мэрилин Монро, Грета Гарбо сияқты актрисалар өздерінің фильмдерінде, мьюзиклдарында билеген кезде, олар қолдарының, қол білезіктерінің, сандарының көмегімен музыканы ерекшелендірді. Waacking 70 жылдары түнгі клубтарда құрылған, сол кезде диско музыкасы танымал боғандықтан, Waacking-тің негізгі музыкасы диско болып табылады. Қазіргі кезде де Waacking-ті көбінесе диско музыкасына билейді, бірақ соңғы кездері байқағаным pop-музыкасы да қосылып жүр, дегенмен диско негізг болып қала береді.

2.Осы стильдің ерекшелігі неде?

-Ерекшелігін Waacking-тің атауынан да білуге болады, ағылшыннан Waack сербеңдету деп аударылады, яғни Waacking «қолмен сербеңдету» дегенді білдіреді. Негізінен біз биде білезіктерімізді бұралап қазғаймыз, қолдарымызбен әртүрлі позициялар жасаймыз, бірақ сонымен қатар Waacking-те өзің дұрыс көрсету де өте маңызды, бұл бишінің бейнесі, оның дене қалыпы, эмоциялары, сезімдері, яғни тізімделгендердің барлығы Waacking-тің негізі болып табылады және осының арқасында бұл стиль өте ерекше әрі әдемі болып келеді.

3.Waacking-тің белгілі бір киім кешегі, аяқ киімі, жалпы айтқанда униформасы бар ма?

-Вакерлерде белгілі бір униформа жоқ, бірақ Waacking-те бишінің бейнесі ең маңызды құралдардың бірі, сондықтан бишінің киген киімі, бишінің биімен бірдей маңызды. Сол себеппен вагерлер басқалардан ерекшелену үшін жарқын бейнелерді таңдағанды жақсы көреді, бірақ осының барлығына қарамастан бишінің киім кешегі ең алдымен оның өзіне ыңғайлы болуы тиіс, яғни киім сіздің қимылдарыңызға бөгет болмауы керек. Биші бейнесін таңдау айтарлықтай қиын, бірақ өте қызықты процесс. Жарыстарда барлық Waacking бишілері жиналып, өнер көрсеткен кезде, бұл өте әдемі әрі таңғаларлық көрініс болып табылады, ал аяқ киімге келетін болсақ бұл да бишінің ыңғайына байланысты, біреу кроссовканы кигенді ұнатады, біреу туфлимен, биік өкшедемен билегенді ұнатады, кейбіреулер жалаң аяқ билегенді жөн көреді, осы арқылы олар биді жаксырақ сезінуі мүмкін. Мысалға менің өзіме биік өкшемен билеу ыңғайлы.

4.Бұл бимен тек қана әйелдер айналыса ма?

-Бір қарағанда солай деп ойлауға болады, бірақ шын мәнінде осы стильдің қалаушылары ер адамдар болған. Бізде де, шетелде де бұл стиль әйелдер арасында да, ерлер арасында да тыңымал.

5.Неше жастан бастап айналысуға болады?

-Мен 4-5 жастағы балалардың келетінін көрдім, 7-8 жасқа таман мен оларды жарыстардан көрдім, балалардың іріктелуден өтіп, жүлделі орындарға ие болғанына куәмін, сондықтан мұнда жас маңызды емес, ең бастысы ынта.

6.Waacking-пен айналысу үшін қанша қаражат керек?

-Егер біздің қаламыздағы бағаларды қарастырсақ айлық абонимент орташа ессеппен алғанда 15 мың теңге шамасында болады. Абониментке әдетте бір сағаттан, аптасына үш рет өткізілетін сабақтар кіреді, дегенмен бұл сіздің қандай студияға және қандай жаттықтырушыға түсетіңізге байланысты, себебі жаттықтырушы да өзінің бағасын коя алады. Ал униформаға қатысты тоқталсақ шынымды айтсам егер сіз енді ғана бастасаңыз, киімге көп ақшаны жұмсаудың қажеті жоқ деп ойлаймын, себебі біріншіден сіз өзіңізге ынғайлы киіммен билегеніңіз жөн, кейін бірте-бірте сіз өз биіңіздін қандай екенін түсінген кезде, қандай киімді алу керек екенін де түсінесіз.
7.Waacking-пен айналысатын адамды қалай атайды?

-Waacking-пен айналысатын бишілерді вакер деп атайды

8.Қазақстанда Waaking қаншалықты танымал?

-Жалпы, Waaking Қазақстанға шамамен 10 жыл бұрын келді, бірақ осы 10 жыл ішінде Waaking танымалдылығы және сапасы жағынан өсті. Осы уақытта көптеген жарыстар өтті, біз оны баттлдар деп атаймыз. Біздің бишілеріміз шетелдік әділқазыларды баттлдарға шақырған, олар біздің жарыстарымызды бағалап, бізге шеберлік сабақтарын өткізді. Бізге Кореядан, Еуропадан, Америка және Жапониядан әділқазылар келді. Шетелдегі вакерлер Қазақстан туралы өте жақсы біледі. Бұл біздің бишілеріміздің шетелдік вакерлер деңгейіне дейін қысқа уақытта жетуіне байланысты. Пандемияға дейін Қазақстанда Waaking бойынша әртүрлі іс-шаралар ай сайын дерлік өткізіліп отырды. Ай сайын жарыстар, оларға шетелдік әділқазылар шақырылды. Әрине пандемиядан кейін бәрі аздап басылды, бірақ шүкір қазір бірте-бірте пандемия тынышталды, осыған орай жарыстар да басталды. Бір апта бұрын мен Астанада болған жарыстан ұшып келдім, оған Кореядан шетелдік әділқазы шақырылды, мен ол кісіден шеберлік сабақ алдым.

9.Waaking жаттықтырушысы болу үшін не істеу керек?

-Менің ойымша, ең алдымен, бұл ұзақ және тынымсыз жаттығу, бірақ сонымен бірге міндетті түрде Waaking-тiң тарихын білу керек. Тек Waaking мәдениетін ғана емес, сонымен қатар жалпы би мәдениетін де біліп, түсіну қажет, бұл өте маңызды. Сонымен қатар 2, 3, 4 буындағы бишілердің шеберлік сабақтарына қатысу керек. Бұл сізге не билеп жатқаныңызды жақсырақ түсіну үшін көмектеседі.

10.Жаттықтырушының табатын қаражаты неге байланысты?

-Бұл индивидуалды нәрсе, яғни бидің бір бағыты бойынша бір мұғалім басқа бір мұғаліммен бірдей ақша табады деп айтуға болмайды. Ол адамның өз ісіне қаншалықты жанымен берілуіне байланысты. Мен бишінің қалай басқа жолмен ақша табатыны туралы айта аламын. Бірақ әрине, бірінші кезекте бұл сабақ беру. Жеке сабақ өткізу, әдетте олар қымбаттау болады, себебі сіз нақты бір оқушымен жеке жұмыс жасайсыз. Шеберлік сабақтарын өткізуге болады, оған 20-30-ға жуық адам қатыса алады. Жарыстарда жеңіске жеткен кезде, әдетте, өте жақсы қаражат беріледі. Топ биші ретінде сізді әділқазы ретінде шақыруы мүмкін. Тағы да түсірілім туралы айтып кетсек болады. Бишілер түсірілім процестерінде жиі қажет, телехикаяларда, жарнамаларда, театрлардағы мюзиклдерде сұраныс болады. Түсірілімде биші ретінде қатысуға болады, немесе сіз биді қою қажет болған жағдайда хореограф ретінде қатыса аласыз. Әншілердің клиптеріне бишілерге сұраныс болады, концерттерде өнер көрсету қажет болған кезде де сұраныс үлкен. Бұл жерде тұрақты сұраныс болады, яғни сұраныс ешқашан төмендемейді. Негізі биде жас жоқ, «мен билеуді бастау үшін жасым тым үлкен» сияқты сөздерді жиі естимін, бірақ маған сенулеріңізді сұраймын – «биде жас жоқ», егер сіз бір нәрсені қатты ұнатсаңыз, жай ғана оны алып жасай беріңіз. Мен өзім солай жасадым.