АЛМАТЫ:
👨👩👧👦Otbasy Fest фестивалі
Бұл — Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған шара. Мұнда қала тұрғындарын бауырсақ пен көже, түрлі тағам мен сусындар күтеді. Сонымен қатар қонақтар шоу-бағдарламаны тамашалап, серуендеп, арнайы фотоаймақта суретке түсіп қайта алады.
Орны: Абай алаңы, Достық даңғылы, 148
Күні: 25 және 26 наурыз. 12:00 — 19:00
❓«Отарсыздану деген не?» дәрісі
Антрополог Зарина Мұқанова » Отарсыздану деген не?” тақырыбы бойынша қазақ тілінде ашық дәріс өткізеді.
Орны: Egin Art Space, Нұрмақов көшесі, 79
Күні: 25 Наурыз. 15:00
🌹«Көктем лебізі» көрмесі
Көрмеде — тоқыма және сәндік-қолданбалы өнердің бір топ дарынды шеберлері тоқу мен көркем киіздің әртүрлі техникасында жасалған туындыларын ұсынады. Барлық жұмыс бір тақырыпқа негізделген. Нақтырақ айтсақ, Отан және қазақ халқының өткен тарихы туралы тақырыптар қозғалады.
Орны: Almaty Gallery, Достық даңғылы, 44
Күні: 25 Наурыз. 11:00 — 19:00
🧠Шәміл Гулиевтің «Ой тазалығы» көрмесі
Суретші — Шәміл Гулиевтің есімі еліміз бен шетелдегі қалың көрерменге бұрыннан белгілі. Оның шығармашылығын Қазақстанның жетекші өнертанушылары мойындап келеді. Суретші ең қызықты әрі бірегей туындыларымен әлемге ерекше көзқарас қалыптастыра білді.
Орны: «Ұлар» галереясы, Панфилов көшесі, 92
Күні: 25 Наурыз. 12:00 — 19:00
💐Nauryz Fest «Шымбұлақта»
Food Fest шарасының қонақтарын тамақ пен түрлі ойын-сауық күтеді. 25 наурыз — Gorilla Winter Jungle іс-шарасы өтеді. Мұнда қонақтар әлемнің түкпір-түкпірінен келген Jibbing и Big Air экстремалды спортшыларының ерекше трюктерін тамашалай алады.
Орны: «Шымбұлақ» тау шаңғысы курорты, Керей-Жәнібек Хандар көшесі, 640
Күні: 25-26 наурыз. 09:00 — 20:00
🌚«Қара куб» көрмесі
Шу қаласының тумасы, мультимедиялық суретші — Айғаным Мұхамеджан қазіргі Қазақстанның әлеуметтік, экономикалық және мәдени аспектілері туралы өз бейнесін қолданады. Ол қазақ тілі, ойыншық мәдениеті және феминизм сияқты өзекті әлеуметтік мәселелерді қозғай отырып, неофольклор мен саяси дискурсты тоғыстырады.
Орны: Tselinny Temporary, Желтоқсан көшесі, 137
Күні: 25-26 наурыз. 18:00 — 21:00
🌤«Желге қарай» көрмесі
Галереяда 18 автордың әртүрлі техникадағы 40-тан астам жұмысы көрсетіледі. Көрме — әйелдердің күші мен төзімділігін, олардың өз болмысын сезінуін, қоршаған әлемді құру, әсер ету, өзгерту қабілетін көрсету үшін жасалған. Бұл жерге қойылған жұмыстар кемсітушілік, өзін және өз денесін қабылдау туралы, отбасы, дәстүрлер, әлеуметтік қондырмалар, еңбек және өз армандарына жету туралы сұрақтарды көтереді.
Орналасқан жері: Esentai галереясы, Әл-Фараби даңғылы, 77/8
Күні: 25 және 26 наурыз. 10:00 — 22:00
АСТАНА
🫣«Ақиқат па, шынайылық па?»
Испан суретшісі Хосе Мария Каноның жұмыстары энкаустика – «жану өнері» техникасы бойынша жасалған. Суретшінің палитрасына кіретін негізгі байланыстырушы компонент — балауыз. Көрмеге қойылған 19 суретте Кано түнгі жұлдыздың жұмбақ жарық бейнесіне сілтеме жасайды.
Орны: ҚР Ұлттық мұражайы, Тәуелсіздік даңғылы, 54
Уақыты: 25 және 26 наурыз. 09:00 – 18:00.
Тек мектеп оқушыларына тегін. Билет бағасы 300 теңгеден басталады.
✏️«Текті өнердің шеңбері» көрмесі
Көрмеде заманауи қазақстандық қолданбалы өнер шеберлері — Сержан Баширов, Дүйсен Сейдуалиев, Даркенбай Шоқпаров және Арыстанбек Хасенов және т.б. жұмыстары қойылады.
Орны: ҚР Ұлттық мұражайы, Тәуелсіздік даңғылы, 54
Уақыты: 25 және 26 наурыз. 09:00 – 18:00.
Тек мектеп оқушыларына тегін. Билеттер 300 теңгеден басталады.
ШЫМКЕНТ:
🕺Сәрсенбіде тегін жүгіру жаттығулары
Fenix Club командасы жүгіруге арналған керемет жобаны іске қосты. Мақсатты — спортты барлық адамға қолжетімді ету.
Орны: Қажымұқан стадионының Жеңіл атлетика манежі, Әл-Фараби ауданы
Уақыты: әр сәрсенбі. 18:30