Featured Video Play Icon

Азия дауысы-2023» фестивалінің үшінші күні 30 шілдеде өтті

Автор: редактор 02 Тамыз, 2023


🎺 «Азия дауысы-2023» фестивалінің үшінші күні 30 шілдеде өтті.

Көрермендер алдында – Қазақстанның халық әртістері Нағима Есқалиева ұлы Диас Абылаевпен дуэт орындады, ал Роза Рымбаева сахнаға ұлдары Әли Рымбаев пен Мәди Оқаповтармен трио болып шықты.

Фестивальдің үшінші күні сағынышқа толы болды. Экран арқылы көрермендерге 90-шы жылдардағы аты аңызға айналған «Азия дауысы» сахнасында бүгінгі әртістердің қандай болғаны туралы роликтер көрсетілді. Сондай-ақ олар әйгілі «Азия дауысы» джинглының авторы, бірнеше ДДД дейтін дауысты жасаған, фестивальге Германиядан арнайы келген Виталий Михаэлистің естеліктері айтылды.
Ең бастысы, қатысушылар «Азия дауысы» сахнасында тұңғыш рет Александр Беляковтың жетекшілігімен Al Jazz Symphony эстрадалық және симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен өнер көрсетті. Алматының 60 үздік музыканты әртістер мен көрермендер үшін кеш бойы жұмыс істеп, нағыз саунд ләззат сыйлады!
Үшінші күннің хедлайнерлеры – өзбектің «Ялла» тобы мен Швециялық «Secret service» тобы болды.

#азиядауысы #фестиваль #медеу #музыка #розарымбаева #медеуарынбаев #3күн #үйдежатпа #рек