Featured Video Play Icon

«Азия Дауысы»халықаралық музыкалық фестивалінің бірінші күні өтті

Автор: редактор 31 Шілде, 2023


🎻 Медеу мұз айдынында 19 жылдық үзілістен кейін «Азия Дауысы»халықаралық музыкалық фестивалінің бірінші күні өтті.

Дрон шоуымен аяқталған бірінші күн қызыл кілемнен басталған еді. Ашылу салтанатына ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов қатысып, «Азия дауысы» бұдан былай жыл сайынғы фестивальге айналып, келесі жылдан бастап дәстүрлі түрде – халықаралық ән байқауымен өтетінін айтты. «Түркі елдерінің мәдениет министрлері қазірдің өзінде маған телефон соғып, «Азия дауысы» халықаралық орындаушылар байқауы келесі жылы қашан өтетінін сұрап жатыр. Оған өздерінің үздік әртістерін жібергісі келеді. Біз байқауға қолдау көрсетеміз, өйткені бұл тек музыкалық емес, сонымен қатар туристік қадам. Алматының және біздің бүкіл өңіріміздің туризмін дамытатын әлеуеті бар».

Түн ортасына дейін көрермендер ZAQ, Ерке Есмахан, RaiM, Мирас Жүгінісов, V $ XVPRiNCE, Орынхан, Молданазар және Ирина Қайратовнамен бірге ән айтып, би биледі.

#азиядауысы #фестиваль #медеу #музыка #saymo #1күн #үйдежатпа #рек