Барлықтарына сәлем! Менің есімім Азизхан. Мен Time Coffee кофеханасының баристасымын. Бүгін сізге өз кәсібім туралы айтып беремін.
Адамдардың көбі баристаның міндеттеріне кофе және түрлі сусындар дайындау кіреді деп ойлайды. Ал шын мәнінде біз клиенттердің күнін сергітеміз!
Кофе ісіне үйрену үшін сізге арнайы курстардан өту қажет немесе оны жұмыс орнында тәжірибелі баристаның жетекшілігімен меңгеруге болады.
Latte Аrt-қа үйрену үшін көп жаттығу мен жақсы жетекші қажет. Баристаның жалақысы оның орналасатын жұмыс орнына байланысты. Кейбір мекемелер тек қана жалақы төлейді, ал кейбіреулері жалақы мен үстінен пайыздар береді.
Сондай-ақ, егер бариста өте тәжірибелі болса, ол құнды сыйлықтар ойнатылатын түрлі конкурстарға қатыса алады. Байқауларда баристалар дәл салмақ пен уақытын қиыстырып, мінсіз эспрессо жасаулары қажет. Бариста болу үшін жақсы жетекші тауып, көп жаттығу қажет дер едім. Сіздердің қолдарыңыздан барлығы келеді!