Featured Video Play Icon

Білім беру орталығын ашу қаншалықты қиын? Лагерьді қалай ұйымдастыруға болады?

Автор: редактор 07 Маусым, 2022


Сәлеметсіз бе! Менің есімім – Мунира. Мен «Интеллект плюс» білім беру орталығының директорымын.

1. Немен айналысасыз?
– Білім беру орталығымызда бірнеше курстар бар: ерте даму — бұл 3-4 жасқа дейінгі балалармен жұмыс, мектепке дайындық, ұзартылған күн тобы, логопедия, нейропсихология және арт-терапия.
Ерте даму – бұл 1 жастан бастап балалардың дамуымен айналысу. Сабақтар негізінен аналардың қатысуымен өткізіледі. Біз ұсақ моторика мен жалпы моториканы, ойлауды, есте сақтауды және кішкентай балалардың назарын дамытамыз. Бұл кішкентай балалар үшін өте маңызды.
Мектепке дайындық – бұл курста біз балаларды мектепке дайындаймыз. Яғни оларды жазуға, оқуға және мазмұндауға үйретеміз. Негізгі жұмыс балалардың мектеп тәртібін түсінуіне бағытталған. Себебі, бірінші сыныпқа барған кезде, дайындық курстарынан өтпеген балалар үшін бұл өте қиын болуы мүмкін. Осындай жағдайда балалар да, олардың мұғалімдері де қиналады. Бала жылайды, анасы ашуланады, жалпы үйдегілердің бәрі стресске ұшырайды.

2. Білім беру орталығын ашу идеясы қалай пайда болды?
– Идея баяғыдан пайда болды, мен ол кезде әлі студент болғанмын. Бірінші мамандық бойынша мен қаржы талдаушысымын. Сол кезде оқумен қатар мен балаларды математикадан дайындыққа алдым. Мен математика сыныбында оқығанмын. Оқушыларым алғашқы нәтижелерін көрсете бастаған кез – тамаша сезім сыйлайды. Өзің жассың, ал оқушың физматқа түскенде осы іске деген құштарлығың оянады.
Қаржы институтын бітірдім. Бірақ өзімді сол салада таппадым. Сондықтан педагогикалық жоғарғы оқу орнына түстім. Орталықтан алыс орналасқан білім беру орталығына мұғалім болып жұмысқа бардым. Алғашқы сабағым – ашық сабақ болды, оған ата-аналар, сынып жетекші қатысты. Балалар да, мен де уайымдадым. Осы сәттен бастап менде идея пайда болды да, кейін екінші жоғарғы оқу орнын бітіргеннен кейін, мен ақырындап оқу орталығы бойынша жоспарларымды жүзеге асыра бастадым.

3. Орталық жазда немен айналысады?
– Жазда біз балаларға лагерь ұйымдастырады. Лагерьде оларды оқу бойынша дайындаймыз, сонымен қатар ойын-сауық контенті де болады. Биыл біз лагерьге жаңа мастер-класстарды, бұрын білім беру орталықтарында өткізілмеген жаңа пәндерді енгіздік. Жалпы білім беру орталықтарында мастер-класстар өткізу сирек кездеседі. Мастер-класстар мобилография, арт-терапия курстары, нейропсихология, диджеинг және актерлік шеберлік бойынша өткізіледі.
Қазір барлық баланың смартфондарда отыратыны ешкімге құпия емес. Яғни, әрқайсысы өз телефонында, әрқайсысы өз ойындарында отырып, балалар бір-бірімен сөйлесуді, бір-бірін жеке тұлға ретінде түсінді тоқтатты. Олардың ес-дерті ойындардағы кейіпкерлерде болады. Бұл жерде актерлік шеберлік пен нейропсихология осы сәтті өте жақсы дамытады, яғни бала түсінуді, дұрыс сөйлеуді және өз ойын білдіруді үйренеді. Сонымен қатар, бұл олардың сөйлеу шеберлігін өте жақсы дамытады. Себебі болашақта оларда әдебиет, тарих сияқты пәндер болады. Бұл пәндерде бала өз ойларын ашып айтуы керек, ал баланың бұған сөздік қоры жеткіліксіз болуы мүмкін.
Биыл лагерьді біз «артхаус» деп атауға шешім қабылдадық. Лагерь 13-ші маусымнан басталады. Тіркелім ашық, әлі де орындар бар, жазылыңыздар!

4. Оқытушылар мен спикерлерді қалай іріктейсіз?
– Бізде нарықта оқытушылар және спикерлермен қиындықтар бар. Мен осы салада 6-7 жылдай жұмыс істеп келемін. Осы уақыт ішінде көптеген сұхбат өткіздім. Ортақ тіл таба алмаған көптеген жас және ересек мамандарды кездестірдім. Олар мені түсінбеді, мен оларды түсінбедім. Адам сұхбаттасуға келген кезде, мен бірінші кезекте оның ісіне деген құштарлығын қараймын. Адам айналысатын ісі туралы айтқан кезде көздері жанып тұруы керек. Бұл ең бірінші көрсеткіш, егер адам істеген ісін ұнатса, ол міндетті түрде жұмыстың жемісін көреді.

5. Баланы оқуға қалай ынталандыруға болады?
– 2-3 сыныпта оқыған балақай бір мәтінді талдаған кезде «Бала болу өте жаман», «Кішкентай болу өте жаман» деді. Мен одан «Неге?» деп сұраған кезде, ол «Сені ешкім тыңдамайды. Бәрі сен әлі баласың әлі ештеңе білмейсің, сенікі дұрыс емес деп айтады. Бірақ мүмкін сенің ойың дұрыс шығар!» деді. Бұл жерде айтарым, балада оқуға деген мотивацияның болуы бірінші кезекте бізге, ата-аналарға, мұғалімдерге байланысты. Яғни, «Сен қателесесің!», «Бар сабақ оқы!» деп айтқан дұрыс емес. Баланы тыңдап, оның не айтқанын және қандай ойды жеткізгісі келгенін түсіну қажет. Онымен ересек адамдай тең дәрежеде сөйлесу керек, яғни бала да толыққанды тұлға. Ал біз осы кішкентай тұлғада әділеттілік, шыншылдық сияқты сезімдерді оятамыз. Яғни бұл жерде «Сенікі дұрыс емес!», «Тек қана ересектерді тыңдау керек!» деп баланың аузын жаптырмай, оған не жақсы не жаман екенін ажырата білуді үйретуіміз керек.
Кішкетай кезінен бастап балаға не ұнайтынын бақылау керек, яғни математиканы ұнататын баланы сурет салуға мәжбүрлей алмайсыз, ал сурет салғанды ұнататын бала физикаңызды да, химияңызды да қажет етпейді. Балалар әртүрлі болады. Сізге тек қана оны бақылау қажет.
Жаман мамандық жоқ. Әдетте ата-аналар баланың керемет математик, қаржыгер, бухгалтер, заңгер болғанын қалайды. Бұл дұрыс емес. Бала талантты суретші болып, сол салада үлкен жетістіктерге қол жеткізе алады. Ал орташа деңгейлі мұғалім немесе заңгер болып, жек көретін жұмысына барған, бұл өте қиын нәрсе.

6. Қандай қиындықтарға тап болдыңыз?
– Бұл салада геолокация өте маңызды. Жұмысты ішінен білуіңіз қажет. Мен істі ең басынан бастадым. Геолокацияны балалар, мектептер, балабақшалар көп жерде таңдау керек. Себебі егер сіз қаланың шет аймақтарында білім беру орталығын ашсаңыз, ешкім сізге келмейді. Сонымен қатар кадрлар мәселесі де өте маңызды, яғни осы салада кадрлар бәрін шешеді. Бұл өз жұмысын жақсы көретін, нәтижелерді көрсететін мықты мұғалімдер болуы тиіс.

7. Жастарға тілегіңіз?
– Өз ісіңді сүю! Оған деген құштарлық керек. Ештеңеден қорықпау, өзіңізге ұнайтын салада даму. Егер сіз өзіңізге шынымен ұнайтын іспен айналыссаңыз – міндетті түрде жетістіктерге жетесіз. Жұмысты рахаттана істеңіз!