Featured Video Play Icon

Біздің Головкин боксты тастамайды

Автор: редактор 20 Қыркүйек, 2022


Қазақстандық кәсіпқой боксшы Генадий Головкин қазақстандықтарға қолдау білдіргені үшін алғыс айтты.

«Жерлестер, сіздерге көп рахмет! Бәріне қолдауларыңыз үшін шексіз алғыс айтамын! Бірге біз мықтымыз!», – деп жазды боксшы желідегі парақшасында.

5 жылға созылған «GGG-Канело» трилогиясына нүкте қойылды. Мексикалық бокс шебері WBA, WBC, WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағын жеңіп алды. Соның арқасында ол абсолютті әлем чемпионы атанып отыр.

Ал Головкин өзіне үйреншікті бірінші орта салмақтағы WBA Super, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлі де әлем чемпионы болып есептеледі.

Головкин boxingnews24.com сайтындағы сұхбатында жанкүйерлер қаласа, Сауль Альвареспен төртінші жекпе-жекке де шығуға әзір екенін мәлімдеген.
Соған қарамастан, Головкиннің кейінгі 4 жекпе-жегіне стриминг қызметін ұсынып келген DAZN компаниясы жоспарланған алты бокс кешінің ертеңгі бесіншісінен кейін «GGG»-мен арадағы келісімшартты тоқтатын болды.