Featured Video Play Icon

Брейкер—брейк-данс

Автор: редактор 19 Шілде, 2022


Балықтарыңызға сәлем! Менің есімім Алишер. Мен брейк-данспен айналысамын. Бүгін біз фильмдерден алынған түрлі көріністерді қарап, ондағы элементтерді талқылаймыз және оларды қайталауға тырысамыз.

Бірінші көрініске көшейік

Менің ойымша, бұл фильмді бәрі біледі – «Уличные танцы 2». Бұл жерде биші гимнастикадан келген элементті орындайды. Түпнұсқада ол «Круги Деласала» деп аталады, ал би-бойлар оны «Fly»деп атады. Элемент өте күрделі және жоғары физикалық дайындықты талап етеді. Қиыны – бір уақытта аяқтарыңызды сермеп, қолдарыңызды ауыстыру керектігінде. Кадрларда біз бұны көре аламыз. Биші артқы жақта «горизонт» позициясында тұрады, төменгі аяғын сермеп, содан кейін екінші аяғын астына қарай бағыттайды. Қолды ауыстырып, алдыңғы позицияға тұрады. Элемент өте динамикалық әрі әдемі көрінеді. Қазіргі кезде би-бойлар осы элементтің әртүрлі нұсқаларын жасай алады. Аяқтарды тоғыстыратын, аяқтарды түйістіретін және тағы басқалай жасалатын элементтер бар. Бұл қозғалысты қайталап көрейік!

№2 көрініске көшейік

Бұл жерде «Шаг вперед 3» фильмінің көрінісі көрсетілген, мұнда хаос болып жатыр. Барлықтары қолында, басында айналып жатыр. Бұл жерде көрсетілген элементті біз қарастырдық. Енді бізді екінші элемент қызықтырады. Бұл элемент «Windmill» немесе орысша «Гелик» деп аталады. Бұл қозғалысты орындауда бір ерекшелік бар, сізге басыңызды еденнен алмау керек. Яғни, сіздің маңдайыңыз бен желкеңіз еденге үнемі тиіп тұруы қажет. Биші элементті техникалық жағынан жақсы және динамикалық түрде, жоғары жылдамдықпен орындайды. Қайталап көрейік!

№3 көрініске көшейік

Бұл көріністе биші алдымен би алаңына шығарылады, ол басында сырғанайды, содан кейін «Swipes» деп аталатын элементті орындап, «Fly» қозғалысына шығады, кейін «Baby freeze»-ге ауысады, аяқтарымен комбо жасайды да, басына тұрады, әрине “Флажок” жасайды, кейін қайтадан төмен түсіп, «Fly» деп аталатын элементті орындайды. Комбо өте күрделі және жоғары дене икемділігін қажет етеді. Бірақ бұл бізге осы қозғалысты қайталауға кедергі келтірмейді!

№4 көрініске көшейік

Бұл көріністе «Бочка» деп аталатын элементті көре аласыз, түпнұсқасында ол «Munchmill» деп аталады. Элемент әдемі және оның арнайы орындау техникасы бар. Осы элементті орындау үшін аяғыңызды айқастырып, бір мезгілде үсті жаққа итеріліп, қолмен жұлқи көтерілу керек. Бұл динамикалы көрінеді, бірақ қозғалысты үйренуге көп уақыт кетеді. Өкінішке орай, бұл элемент үйрену процесінде иығыңызда тыртық қалдырады. Бірақ сұлулық құрбандықты қажет етеді. Қайталап көрейік!

Соңғы көрініске көшейік

Бұл «Короли танцпола» фильмінен алынған көрініс. Бұл көріністе биші иықпен жасалатын «Track» атты элементін орындайды, Бұл қозғалысты орындау үшін самайда шағын доғалы шеңбер сызып алу қажет. Иыққа сүйеніп, соңғы сәтте жерден итерілу керек. Бұл кезде сіз қолыңызды осы күйде ұстай аласыз немесе түзу ұстай аласыз. Ең дұрысы, доғаны 180 градуста жасау. Бірақ бұл жерде, біз бишінің доғаны әлдеқайда кішірейткенін көре аламыз. Бұл элемент жылдамырақ орындалуы үшін жасалды. Қайталап көрейік!

Назарларыңызға рахмет! Билеңіздер, дамыңыздар, үйде жатпаңыздар!