Featured Video Play Icon

Брендтер қалай әзілдейді?

Автор: редактор 04 Сәуір, 2023


1 сәуір – әзіл күні. Халықаралық ірі компаниялар бұл күні әзілдеуді әдетке айналдырған. Өткен бірінші сәуірде де біршама жақсы әзілдер пайда болды.

Мысалы, Tinder танысу қосымшасы жалғызбасты адамдардың 92 пайызы балық аулау сәтін көргенде депрессияға ұшырайтынын айтып, 24 сағат ішінде балыққа қатысы бар барлық фотосуреттер өшіріледі деп хабарлаған. Ол кәдімгідей қобалжу мен ажиотаж туғызды.

Ал Тесла кибертрактың краш тестіне қатысты қызықты әзіл жариялады. Енді оны өз көзімен көру керек.

Durex мүшеқап алпауыты тамаққа кірісіп кетті. «Ең бақытты» тағамы акциясы 2023 жылдың 1 сәуірінде өткізілді. Бұл тегін тағамды екі жерде сатып алуға болатын болды.

Ал сізде қандай әзіл бар? Комментарийге жазыңыздар!