Демалыс күндері қайда баруға болады?(16,17 қыркүйек)

Автор: редактор 16 Қыркүйек, 2023


Құрметті оқырмандар! Қауырт жұмыс аптасынан кейін көбі әдемі жерде демалуды жоспарлайды. Бәлкім, бұл қатарда сіз де бар шығарсыз?🤔   

Ендеше #Үйдежатпа ұжымы арнайы сіз үшін Алматы және Астана қалаларында осы демалыс күндері тегін баруға болатын іс-шаралар топтамасын дайындап қойды. Ал басқа қалалардан ақпарат болмағандықтан, сен өзің ұсынатын орныңды жазып кет!

АЛМАТЫ:

 

💡Almaty Cover Show

Қазақ эстрадасының жұлдыздары ескі және жаңа хит әндерін орындау арқылы өздерінің сүйікті қаласын құттықтап, қала тұрғындарына қуаныш сыйлайды. Концерт жыл сайынғы “Гәкку дауысы” фестивалінің орнына өткізіледі.

Орны: «Астана» алаңы, Төле би көшесі, қиылысы. Абылай хан даңғылы

Күні:16 Қыркүйек, 20: 00

 

🤩«Сағындым Алматы» фестивалі

Шоу-бизнестің жас жұлдыздары тамаша өнер көрсеткеннен кейін, екінші күні Алматы күнінің басты сахнасына қазақ эстрадасының аңыздары шығады.

Орны: «Астана» алаңы, Төле би көшесі, қиылысы. Абылай хан даңғылы

Күні:17 Қыркүйек, 20: 00

 

😍»Асыл мұра» ұлттық музыка фестивалі

Өнерпаздар қонақтарды этно-музыкамен қуантады. Нақтырақ айтсақ, ұлттық әндер, әйгілі күй, жыр, терме шырқалады.

Орны: «Алатау» театры, шағын аудан. Нұркент, 6

Күні: 16 қыркүйек. 17:00

 

🌚»Алматы түні»Ретро-концерті 

Ашық аспан астында қонақтарды ретро музыка әлемі күтеді. Кештің басты қонақтары – «Дос-Мұқасан» тобы. 

Орны: «Алатау» театры, шағын аудан. Нұркент, 6

Күні: 16 қыркүйек. 20:00

 

🎤«Кеш жарық, Алматы» концерті

Қала тұрғындарының бір бөлігі “Дос Мұқасан” тобының ескі әндерін сағынышпен еске алса, екінші бөлігі рок, эстрада және альтернативті музыканы орындайтын әртістердің жанды дауыстағы өнерін тамашалайды. 

Орны: «Атакент» саябағы, Тимирязев көшесі, 42-ден 10-ға дейін

Күні: 16 қыркүйек. 20:00

 

🎨Artbat Fest фестивалі

Заманауи қазақстандық суретшілер арнайы Алматы мен алматылықтар үшін қаланы мультифункционалды smart нысандар арқылы безендіреді.

Орны: Арбат, Жібек Жолы даңғылы

Күні: 16 және 17 Қыркүйек. 11:00-19:00

 

🎬 «Қазақфильмнің» ашық аспан астындағы кинофестивалі

Ашық аспан астындағы үлкен экраннан отандық фильмдерді тамашалай аласыз.

Орны: Mega Park СОО аумағында футбол алаңы, Мақатаев көшесі, 127/1

Күні: 16 қыркүйек. 20:00

 

☀️Apple Fest Жәрмеңкесі

Облыс шаруа қожалықтары 125 тонна алма әкеліп, саудаға шығарады. Алматының бірегей алма өлкесі ретінде даңқын жаңғыртуға арналған заманауи мега-шара көпшілікті қызықтыратыны сөзсіз. 

Орны: Тұңғыш Президент саябағы, Әл-Фараби даңғылы

Күні: 16 және 17 Қыркүйек. 10:00-18:00  

 

💫Urban Fest Almaty-2023 спорт фестивалі

Мұнда ниет білдіруші жандар қазақ күресі, тоғызқұмалақ, асық ату, бұқа тарту, қошқар көртеру, салмақ көтеру, арқан тарту және басқа да ұлттық спорт түрлерінен жарыса алады. Іс-шара бір уақытта екі жерде өтеді.

Орны: Halyk Arena, Құлжа трактісі, 2 және Панфилов пен Жібек жолы көшелерінің қиылысы

Күні: 16 және 17 Қыркүйек. 08:00-18:00  

 

АСТАНА:

 

☀️Батухан Байменнің «Nomad: black & white» жеке көрмесі

Қазақстанның ең ірі заманауи суретшілерінің бірі соңғы онжылдықтағы өзінің жаңа әрі үздік 78 картинасын ұсынады. Батухан өз жұмысында линогравюра техникасын сақтай отырып, арнайы түстерді пайдаланады. Сонымен қатар үлкен форматтарға өтіп, қағаз орнына матаны қолданып тәжірибе жасайды. 

Орны: ҚР Ұлттық мұражайы, Тәуелсіздік даңғылы, 54

Күні: 17 Қыркүйек. 10:00 – 18:00

 

👨‍👩‍👧‍👦»Ата-аналар vs балалар» семинары

Ата-аналар мен балаларға арналған икемді қарым-қатынас дағдыларын дамыту іс-шарасы.

Орны: White & Blue Study, Қабанбай батыр даңғылы, 11

Күні: 16 қыркүйек. 15:00

 

🌳»Дала қазынасы» көрмесі

Көрмеде көшпелі қазақ тұрмысына арналған заттарды бірнеше жылдан бері жинап келген суретші әрі коллекционер Сержан Башировтың еңбектері ұсынылады.

Орны: Forte Kulanshi Art Space, Достық көшесі 8/1

Күні: 16 және 17 Қыркүйек. 10:00 – 20:00

Айтпақшы, тегін кино билеттерін әр жұма сайын біздің арнада өткізілетін викторинадан ұтып ала аласыз.Сонымен қатар жазбаларымызға пікір жазып, белсенді болған 3 оқырманымызға айына бір рет кино билеттерін табыстаймыз. Ендеше демалыс күндеріңіз жақсы өтсін!