Демалыс күндері қайда баруға болады?(23,24 қыркүйек)

Автор: редактор 23 Қыркүйек, 2023


Құрметті оқырмандар! Қауырт жұмыс аптасынан кейін көбі әдемі жерде демалуды жоспарлайды. Бәлкім, бұл қатарда сіз де бар шығарсыз?🤔   

Ендеше #Үйдежатпа ұжымы арнайы сіз үшін Алматы, Астана және Шымкент қалаларында осы демалыс күндері тегін баруға болатын іс-шаралар топтамасын дайындап қойды. Ал басқа қалалардан ақпарат болмағандықтан, сен өзің ұсынатын орныңды жазып кет!

АЛМАТЫ:

 

🌝Shaisheik Food Fest

Бұл – Алматы күнін атап өтуге арналған соңғы шара. Мұнда бауырсақпен қою шай, дәмді тағамдар, достарыңызбен және жақындарыңызбен сырласу кеші әрі балалар ойындарына арналған кеңістік болады. 

Орны: театр саябағы. Абай, Қабанбай батыр көшесі, 117

Күні:23-24 қыркүйек, 10: 00-20: 00

 

💫«Жоғалып бара жатқан портреттер: Алманың тарихи сорттары» көрмесі

Көрмеге келушілер атақты суретшілердің картиналары арқылы әлемнің көптеген өркениеттерінде өмірдің, махаббаттың, таным мен өркендеудің символы болып саналатын, ал қазақстандықтар үшін сүйікті қала – Алматы қаласының ерекшелігіне айналған ең көне мәдени жемістердің бірімен жақынырақ таныса алады. 

Орны: Almaty Gallery, Достық даңғылы, 44

Күні:23-24 қыркүйек, 11: 00-19: 00

 

🏵«Жапон күзі» халықаралық фестивалі

Көрермендер Дзё Хисаиши, Людвиг ван Бетховен, қазақ және қырғыз композиторларының музыкасын тамашалайды. Қазақ пианисті Арман Тілеубергеновтің қатысуымен Эрнис Асаналиевтің жетекшілігімен Қырғыз Камералық ансамблі өнер көрсетеді.

Орны: консерваторияның үлкен залы. Құрманғазы, Абылай хан даңғылы, 90

Күні: 24 Қыркүйек. 17:00

 

🎨Диана Акуалдың жеке көрмесі

Қазақстандық жас суретшінің экспозициясының негізін оның «Әйел сегізі» линогравюра техникасындағы дипломдық жобасы құрайды.

Орналасқан жері: Efes Art Space, Керемет шағынауданы, 3 к1

Күні:23-24 қыркүйек, 09: 00-17: 00

 

🎬«Қазақфильмнің» ашық аспан астындағы кинофестивалі

Ашық аспан астындағы үлкен экраннан отандық фильмдерді тамашалай аласыз. 

Орны: Mega Park СОО аумағында футбол алаңы, Мақатаев көшесі, 127/1

Күні: 23 қыркүйек. 20:00

 

🎨Driven by dreams көрмесі

Қазақ суретшілерінің туындылары адамның үлкен нәрсеге құштарлығы мен өз ойын жеткізудің жаңа тәсілдері туралы баяндайды. 

Орналасқан жері: Esentai галереясы, Әл-Фараби даңғылы, 77/8

Күні:23-24 қыркүйек, 11: 00-20: 00

 

👀Artbat Fest фестивалі

Заманауи қазақстандық суретшілер арнайы Алматы мен алматылықтар үшін қаланы мультифункционалды smart нысандар арқылы безендіреді. 

Орны: Арбат, Жібек Жолы даңғылы

Күні: 23-24 қыркүйек. 11:00-19:00

 

 

АСТАНА:

 

🗣«Ораторфест» сөйлеу өнері фестивалі

Фестивальде сізді интерактивті шеберлік сабақтары, заманауи дағдылар, мықты жаттықтырушылар, достық аура және жаңа таныстықтар күтеді.

Орны: Назарбаев Университеті, Қабанбай батыр даңғылы, 53

Күні: 23 қыркүйек. 13:00-18:30

 

👨‍👩‍👧‍👦«OTBASY DUATLON 2023» жарысы

Барлық отбасы (әкесі, анасы және баласы) жүгіру+велоспорт бойынша жарыстарға қатыса алады. Балалар жас санаттары бойынша 8 жастан 9 жасқа дейін, 10 жастан 11 жасқа дейін және 12 жастан 13 жасқа дейін бөлінеді (ата-аналардың жасы маңызды емес). Тіркелуге арналған Телефон: +7 747 054 59 00 және +7 707 977 99 70.

Орны: Триатлон паркі Астана

Күні: 24 Қыркүйек. 10:00. Тіркеу нөмірлері 8:00-ден 10:00-ге дейін беріледі

 

☀️«Дала қазынасы» көрмесі

Көрмеде көшпелі қазақ тұрмысына арналған заттарды бірнеше жылдан бері жинап келген суретші әрі коллекционер Сержан Башировтың еңбектері ұсынылады. 

Орны: Forte Kulanshi Art Space, Достық көшесі 8/1

Күні: 16 және 17 Қыркүйек. 10:00 – 20:00

 

 

ШЫМКЕНТ:

 

⚽️«Ордабасы» ФК – «Астана»ФК матчы

Футболдан Қазақстан чемпионаты

Орналасқан жері: Орталық стадион. Қажымұқан көшесі, Мәделі қожа көшесі 1,

Уақыты: 24 Қыркүйек. 19:00.

Кіру: зейнеткерлерге тегін (растайтын құжатты көрсеткен кезде), балаларға (7-14 жас) 400 теңге, ересектерге 600 теңге

Айтпақшы, тегін кино билеттерін әр жұма сайын біздің арнада өткізілетін викторинадан ұтып ала аласыз.Сонымен қатар жазбаларымызға пікір жазып, белсенді болған 3 оқырманымызға айына бір рет кино билеттерін табыстаймыз.Ендеше демалыс күндеріңіз жақсы өтсін!