Демалыс күндері қайда баруға болады?(9,10 қыркүйек)

Автор: редактор 09 Қыркүйек, 2023


Құрметті оқырмандар! Қауырт жұмыс аптасынан кейін көбі әдемі жерде демалуды жоспарлайды. Бәлкім, бұл қатарда сіз де бар шығарсыз?🤔   

Ендеше #Үйдежатпа ұжымы арнайы сіз үшін Алматы, Астана және Шымкент қалаларында осы демалыс күндері тегін баруға болатын іс-шаралар топтамасын дайындап қойды. Ал басқа қалалардан ақпарат болмағандықтан, сен өзің ұсынатын орныңды жазып кет!

АЛМАТЫ:

 

📚Kitap Fest фестивалі

Келушілер көптеген кітаптың тұсаукесеріне қатысып, танымал жазушылармен жүздесе алады. Фестивальде «Ауылға кітап» дәстүрлі акциясы өтеді. Онда кез келген адам кітапты Қазақстанның ауылдық кітапханаларына табыстай алады. Сондай-ақ бірегей «кітап лабиринті» салынады. Мұнла 5000 тегін кітап таратылады.

Орны: Арбат, Жібек Жолы даңғылы

Күні: 9 қыркүйек. 11:00-19:00

 

🎤Etnotronica Almaty электронды музыка фестивалі

Open-air фестивалінің ең үздік этно-орындаушылар Қазақстанның электроника әртістерімен бірлесіп өнер көрсетеді. Грузия мен Өзбекстанның dance топтары жаңа дыбыстармен тамаша үйлесетін дәстүрлі аспаптардың таңғажайып дыбыстарының ерекше әлеміне енуге көмектеседі. 

Орны: Абай алаңы, Достық даңғылы, 56

Күні: 9 қыркүйек. 20:00-23:00

 

🎬»Жаңа шекара»кинофестивалі

Фестиваль Шығыс Түркістанда тұратын қазақтардың, ұйғырлардың және басқа да халықтардың мәдениеті мен тарихына арналған. Фильм көрсетілімдері арасындағы үзіліс кезінде панельдік пікірталас және artist-talks өтеді.

Орны: «Несанаторий» шығармашылық және мәдениет резиденциясы, Луганский көшесі, 54

Күні: 9 және 10 қыркүйек. 14:00-22:00  

 

🏹»Ұлағат сөзім ұрпаққа» жыр-терме фестивалі

Республикалық фестиваль халықтың патриоттық сезімін, ұлттық рухы мен ұлттық тұтастығын нығайтуға бағытталған. 

Орны: «Алатау» театры, Нұркент, 6 шағын ауданы

Күні: 10 қыркүйек. 17:00

 

⛳️Artbat Fest Фестивалі

Заманауи қазақстандық суретшілер арнайы Алматы мен алматылықтар үшін қаланы мультифункционалды smart нысандар арқылы безендіреді.

Орны: Арбат, Жібек Жолы даңғылы

Күні: 10 қыркүйек. 11:00-19:00

 

🎬»Қазақфильмнің» ашық аспан астындағы кинофестивалі

Ашық аспан астындағы үлкен экраннан отандық фильмдерді тамашалай аласыз.

Орны: Mega Park СОО аумағында футбол алаңы, Мақатаев көшесі, 127/1 

Күні: 9 қыркүйек. 20:00

 

💪»Алға» көрмесі

Бұл көрме не туралы? Көрме шығармашылықтың батылдық пен екпінге, тыңдауға деген ұмтылысқа негізделгенін көрсетеді. Іштегі күрес ешқашан аяқталмайды. Оның бір ғана шешімі бар: яғни, шығармашылықпен үйлесімділікте болу.  

Жас шектеуі: 18+    

Орналасқан жері: Dump Gallery, Панфилов көшесі, 101

Күні: 9 және 10 қыркүйек. 18:00-22:00  

 

 

АСТАНА:

 

👨‍👩‍👧‍👦 PRO.NRG FEST ғылыми отбасылық фестивалі

Ғылым, өнер және технология фестивалінде мектеп оқушылары мен олардың ата-анасы ізденімпаз зерттеушілер болады. Мұнда ғалымдар күрделі нәрселерді қарапайым тілмен түсіндіреді. Ал мұғалімдер балаларға сабақты қалай қызықты әрі ерекше өту керек екенін түсіндіреді. 

Орны: Оқушылар сарайы, Момышұлы даңғылы, 5

Күні: 9 қыркүйек. 11:00 – 18:00

 

😻»Дала қазынасы» көрмесі

Көрмеде көшпелі қазақ тұрмысына арналған заттарды бірнеше жылдан бері жинап келген суретші әрі коллекционер Сержан Башировтың еңбектері ұсынылады. 

Орны: Forte Kulanshi Art Space, Достық көшесі 8/1

Күні: 9 және 10 қыркүйек. 10:00 – 20:00

 

 

ШЫМКЕНТ:

 

👏Диас Давесовтың “Қағаз рапсодиясы” атты жеке коллаждар көрмесі

Бұл автордың Шымкентте өтіп жатқан – тұңғыш үлкен көрмесі. Онда 70-тен астам коллаж болады. Көрмеде Диастың бейнелеу өнерінің осы түрі бойынша үш жыл жасаған коллаждарының үлкен бөлігін тамашалай аласыз. 

Орны: музыкалық аллея, Қазыбек би көшесі, 13А

Күні: 9 және 10 қыркүйек. 10:00 – 18:00

Айтпақшы, тегін кино билеттерін әр жұма сайын біздің арнада өткізілетін викторинадан ұтып ала аласыз. Сонымен қатар жазбаларымызға пікір жазып, белсенді болған 3 оқырманымызға айына бір рет кино билеттерін табыстаймыз. Ендеше демалыс күндеріңіз жақсы өтсін!