Демалыс күндері қайда тегін баруға болады?(19,20 тамыз)

Автор: редактор 19 Тамыз, 2023


Құрметті оқырмандар! Қауырт жұмыс аптасынан кейін көбі әдемі жерде демалуды жоспарлайды. Бәлкім, бұл қатарда сіз де бар шығарсыз?🤔   

Ендеше #Үйдежатпа ұжымы арнайы сіз үшін Алматы, Астана және Шымкент қалаларында осы демалыс күндері тегін баруға болатын іс-шаралар топтамасын дайындап қойды. Ал басқа қалалардан ақпарат болмағандықтан, сен өзің ұсынатын орныңды жазып кет!

АЛМАТЫ:

 

👋 «Айттым сәлем» фестивалі

Фестивальде қазақстандық әртістердің музыкалық концерті, киіз басу, сурет салу, татуировка жасау бойынша шеберлік сабақтары және қазақстандық өндірушілердің жәрмеңкесі өтеді. 

Орны: Барибаев 36-дағы үй, Барибаев көшесі, 36

Күні: 19 тамыз. 12:00-22:00

 

🎬Ашық Кинотеатр

Фильмді ыңғайлы қалыпта тамашалау үшін көрпеше алып шығыңыз. Ал балалар тек ересектердің бақылауымен қатыса алады. Өзіңізбен бірге тамақ-сусыныңызды әкелуге рұқсат етілмеген. 

19 тамыз сағат 20:30 – да – «Мадагаскар 2», 23: 00-де – «Трансформеры: Места павших»

20 тамыз сағат 20:30 – да – «Шрек 3», 23:00-де – «Зеленая книг”

Орналасқан жері: Hide Park, Әл-Фараби даңғылы, 176

 

🎭Артур Жабагиннің «дерексіз кеңістік» жеке көрмесі

Галереяның көрме залында абстрактілі стильде салынған 20 сәндік жұмыс қойылады.

Орны: Almaty Gallery, Достық даңғылы, 44

Күні: 19 және 20 тамыз. 11:00-19:00  

 

🎬»Қазақфильмнің» ашық аспан астындағы кинофестивалі

Ашық аспан астындағы үлкен экраннан отандық фильмдерді тамашалай аласыз.

Орны: Mega Park СОО аумағындағы футбол алаңы, Мақатаев көшесі, 127/1

Күні: 19 тамыз, сағат 20:00

 

🎨Сабина Сұлтанбаеваның «Жүрек қалауымен» атты жеке көрмесі

Жас қазақ суретшінің шығармашылығы – туған жер мен табиғаттың ерекшелігіне негізделген. Туындыларының тақырыбы сан алуан. Сабинаның суреттері арқылы табиғаттың көркем құбылыстарымен, жылдың әр мезгілінде салынған қалалар мен ауылдардың көрінісімен танысуға мүмкіндік бар. Суретші көбінесе ауыл тақырыбына жүгінеді. 

Орны: Almaty Gallery, Достық даңғылы, 44

Күні: 19 және 20 тамыз. 11:00-19:00  

 

⛳️»Салауатты демалыс» жобасы

Балаларды көңілді ойындар, танымдық сайыстар, қызықты дәрістер мен шығармашылық шеберлік сабақтары күтеді. Ең белсенді қатысушыларға арнайы сыйлықтар бар. Атап айтатын болсақ, бояу кітаптары және дәмді тағамдар. 

Орны: ЦПКиО жазғы сахнасы, Гоголь көшесі, 1

Күні: 19 және 20 тамыз. 12:00 – 14:00

 

 

АСТАНА:

 

🎤»Ашық Аспан” көше өнері фестивалі

Фестиваль аясында суретшілердің туындыларының тұсаукесері, шеберлік сабақтары мен экскурсиялар өткізіледі. Іс-шара сөз бостандығы мен қозғалыс еркіндігін біріктіруге бағытталған.

Орналасқан жері: Орталық Метрополитен саябағының амфитеатры

Күні: 19 және 20 тамыз. 10:00 – 18:00

 

💫»Дала қазынасы» көрмесі

Көрмеде көшпелі қазақ тұрмысына арналған заттарды бірнеше жылдан бері жинаған суретші әрі коллекционер Сержан Башировтың еңбектері ұсынылады. 

Орны: Forte Kulanshi Art Space, Достық көшесі 8/1

Күні: 19 және 20 тамыз. 10:00 – 20:00

 

 

ШЫМКЕНТ:

 

🌷Диас Давесовтың “Қағаз рапсодиясы” атты жеке коллаждар көрмесі

Бұл автордың Шымкентте өтіп жатқан – тұңғыш үлкен көрмесі. Онда 70-тен астам коллаж болады. Көрмеде Диастың бейнелеу өнерінің осы түрі бойынша үш жыл жасаған коллаждарының үлкен бөлігін тамашалай аласыз. 

Орны: музыкалық аллея, Қазыбек би көшесі, 13А

Күні: 19 және 20 тамыз. 10:00 – 18:00

 

⚽️»Ордабасы» ФК – «Қайрат»ФК матчы

Футболдан Қазақстан чемпионаты

Орналасқан жері: Орталық стадион. Қажымұқан, Мәделі қожа көшесі, 

Уақыты: 20 тамыз. 21:00.

Кіру: зейнеткерлерге – тегін (растайтын құжатты көрсеткен кезде), балаларға (7-14 жас) – 400 теңге, ересектерге – 600 теңге

Айтпақшы, тегін кино билеттерін әр жұма сайын біздің арнада өткізілетін викторинадан ұтып ала аласыз. Сонымен қатар жазбаларымызға пікір жазып, белсенді болған 3 оқырманымызға айына бір рет кино билеттерін табыстаймыз. Ендеше демалыс күндеріңіз жақсы өтсін!