Джонни Депп: Адам әлсіз болғандықтан емес, ұзақ уақыт бойы мықты болып шаршағаннан жылайды

Автор: редактор 02 Мамыр, 2023


📌Джон Кристофер «Джонни» Депп II – американдық актер, режиссер, музыкант, сценарист және продюсер. Ол Оскар сыйлығына үш мәрте үміткер болды. Тим Бертонның «Свини Тодд, Флит-стриттегі жын шаштараз» фильміндегі рөлі үшін «Алтын глобус» сыйлығының иегері атанды. Сонымен қатар «Кариб теңізінің қарақшылары» фильміндегі капитан Джек Торғайдың бейнесімен танымал. 2012 жылы ол Гиннестің рекордтар кітабына бір жылда 75 миллион доллар табыс тапқан ең жоғары жалақы алатын актер ретінде тіркелді.
Депптің фильмдері АҚШ-та 3 миллиард доллардан, дүниежүзінде 7,6 миллиард доллардан астам табыс жинады.

✔️ Олай болса, назарларыңызға белгілі өнер иесінің танымал нақыл сөздерін ұсынамыз.

1️⃣ Әр адам істеп жатқан жұмысының көрінісі. Өзіңіз қалаған адам болып қалыптасу – тек сіздің құзырыңызда. Яғни, сіздің – таңдауыңыз.

2️⃣ Маған Ресей қатты ұнады, әсіресе халқы. Олар ашық, шыншыл және аздап қалжыңбас болып келеді. Дәл менің стиліме ұқсайды.

3️⃣Лондонда қонақүйлердің бірінде қарт әйел қызымнан: “сенің әкең не істейді?” – деп сұрады. Қызым: «Ол – қарақшы!» деп жауап берді. — Мен осы сәтте қызымды мақтан тұттым.

4️⃣ Сырт келбетіңізен басқа ештеңе болмаса, “кімге керек боламын” деп ойлайсыз?

5️⃣ Мен өзіме қанағаттанарлықтай дәрежеге жеткім келмейді. Бұлай болған жағдайда дамуым тоқтап, өзімді жоғалтып алатынымды білемін.

6️⃣ Өз ойларыңмен жалғыз болу – өте қауіпті әрекет… Алайда пайдасы өте зор!

7️⃣ Үлкен сүйіспеншілік – сенімде, бір-бірінің қуанышында, жеке өмірін құрметтеуде және кәсіби таңдауға деген сыйластығында.

8️⃣ Жаныңыз қалайтын іспен айналысыңыз. Өзгенің ойынына араласпаңыз. Олар сенің оңға қарай жүгіргеніңді қалаған сәтте, сен ең жоғары жылдамдықпен солға қарай өрле! Басқалардың қалағанын жасамаңыз. Өз жолыңызды табыңыз.

9️⃣ Дүниеде көптеген әдемі нәрселер бар. Сол себепті кейде бұл әлемнің мүшесі емес секілді боламын.

🔟 Ешкім сіздің қандай сезімде жүргеніңізді әрі нақты мақсаттарға жету үшін шын мәнінде не істеуге тырысып жатқаныңызды білмейді. Тіпті, мен де осы уақытқа дейін неге ұмтылғанымды білмеймін. Бір түсінгенім, мен «қоғам» деп аталатын алып жүйенің бір бөлігі болғым келмеді.

1️⃣1️⃣Адамдар әлсіз болғандықтан емес, ұзақ уақыт бойы мықты болып жүргені үшін жылайды.