Қайырлы күн! Менің есімім Алина Досанова, мамандығым бойынша экологпын және Қазақстанғы түрлі экологиялық жобаларға жетекшілік етемін.
1. Қалай эколог болуға болады?
— Бұл жерде бірнеше жол бар деп ойлаймын. Бала кезінен бастап қоршаған орта мәселелері толғандыратын адамдар болады және де олар осы мамандыққа мақсатты түрде түсіп оқиды. Қоршаған ортамыздын қандай мәселелерге тап болатынын, оларды шешу керек екендігін көріп, бұл процеске белсене қатысқысы келетіндігін түсінетін адамдар — экология мамандығына немесе ихтиология, қоршаған ортаны қорғау технологиясы және т.б. сияқты сабақтас мамандықтарға оқуға түседі.
2. Неліктен экологияны болашақтың кәсібі деп атайды?
— Шындығында, адамдардың көбі ел үшін ең бастысы — экономика деп ойлайды, бірақ ең бастысы — бұл адамдар мен олардың денсаулығы, және оларда барлығы жақсы болуы. Ал барлығы жақсы болу үшін таза су, таза ауа және пайдалы тамақ болу керек және осының бәрі үйлесімді әрі тұрақты негізде қалуы үшін, халықтың экологиялық мәдениеті жеткілікті деңгейде болуы қажет. Себебі экологиясыз жеке тұлға ретінде, жалпы түр ретінде болашағымыз тұманды.
3. Экологтар негізінен немен айналысады?
— Негізінен қазіргі экологтарды екі топқа бөлуге болады, бұл ескі буын экологтары, олар топыраққа, суға, ауаға, және т.б-ға шығаруларды есептеулермен айналысады әрі Қазгидрометте жұмыс істейді. Екінші топ — бұл жаңа буын экологтары. Мен өзімді осы топқа жатқызамын. Бұл қатты қалдықтар полигондарында шығаруларды азайту үшін, қалдықтарды дұрыс сұрыптауды насихаттауға тырысатындар, мектеп оқушылары мен жас ұрпақтың экологиялық білім деңгейін арттыратындар. Біз білім саласының маңызды екенін түсінеміз, себебі егер адамдар не үшін қоршаған ортамызға қамқорлық жасау керек екенін білмесе, сәйкесінше олар оған қамқорлық жасамайды.
4. Егер мен экологқа оқуға түссем, қайда жұмыс істей аламын?
— Шын мәнінде қазір адамдар жұмысқа орналаса алатын көп бағыттар бар. Бұл — мен жұмыс істейтін білім секторы болуы мүмкін, есептеулермен айналысатын, қандай да бір мемлекеттік немесе жеке компаниядағы жұмыс секторы болуы мүмкін. Сонымен қатар экоконсалтингпен айналысатын компаниялар да бар, оған экомаркетингті де жатқызуға болады, яғни кез-келген саладағыдай бұл жерде де көптеген бағыттар бар. Сондай-ақ, адамның өзі де осы салада оны не қызықтыратынын анықтап, өзінің тар шеңберлі тауашасын тауып, сонда дамуы керек.
5. Өз экологиялық жобаңды қалай бастауға болады?
— Өз жобаңызды бастау үшін сізде көмектесуге үлкен талпыныс және айналамыздағы әлемді жақсы жаққа өзгертуге деген ықыластың болуы қажет. Сондықтан егер идеяңыз болса, Қазақстанда және халықаралық деңгейде осындай жобаларға демеушілік жасайтын ұйымдар жеткілікті. Сондықтан, міндетті түрде қатысыңыз, ақпаратты біліңіз, бәрі ашық, қол жетімді түрде бар.
6. Қаржыландыруды қайдан алуға болады?
— Қаржыландыруды, кез-келген адам қатыса алатын, өтініш беріп және содан кейін өзінің жобасын өмірде жүзеге асыра алатын, мемлекеттік ұйымдар және әртүрлі халықаралық қорлар береді.
7. Қазақстанда қоқысты сұрыптаумен айналысуға жағдай бар ма?
— Қазақстандағы жағдай мінсіз емес екендігімен келісемін, бірақ сұрыптаумен ең болмағанда айналысуды бастау үшін жағдайлар бар. Әрбір адам үйінде қораптарды немесе әр түрлі пакеттерді қойып, түрлі пластик сауыттарды, қаптарды таңбаламасы бойынша сұрыптап, кейін оларды тапсыру пункттеріне өткізе алады, пункттерді ыңғайыңызға қарай гугл карталардан немесе 2 ГИС-тен қарауға болады. Тағы бір әдіс, сіздің тұратын қалаңызға байланысты көшеде тұратын арнайы контейнерлерге қоқысты тастауыңызға болады, олар торлы немесе бүтін қоқыс контейнерлер болуы мүмкін, бұл жерде қоқыс сұрыптайтын зауыттарда сәйкесінше қоқысты сұрыптайды, қайта өңдейді және т.б. Сондықтан жағдай бар болғандықтан, сұрыптауды қазірден бастап үйрену керек, себебі бұл біздің еліміз үшін шынымен де өте маңызды.
8. Қазақстандықтарға қандай кеңес бере аласыз?
— Халқымызға экологиялық саналылықты тілегім келеді.Жауапкершілікті басқа біреуге жүктемей, жұмысты өзімізден бастайық, мен өзім өмірімде «ғаламдық деңгейде ойлаңыз, бірақ жергілікті деңгейде әрекет етіңіз» деген сөздерді ұстанамын. Өзіңіздің кішігірім жобаларыңыздан, кішігірім бастамаларыңыздан бастап, айналаңызды жақсы жаққа өзгертіңіз және сәйкесінше, еліміз де жақсы жаққа өзгереді. Егер біз «кешеден» бастап әрекет етпесек, болашағымыз ешқалай өзгермейді.