Featured Video Play Icon

Экономист немен айналысады? Сауда биржасы деген не? Осы мамандыққа қандай дағдылар қажет?

Автор: редактор 24 мая, 2022


Қайырлы күн, менің есімім Айжан! Мен сауда биржасының маманымын. Лауазымның атауы ештеңе айтпайтын сияқты.

1. Сауда қорлары деген не?
— Сауда Қорлары — бұл ұйымның бюджеті, оған маркетинг, жарнамалық қызметтер және сауда тобынының шығындары мен кірістері жатады.

2. Міндеттеріңізге не кіреді?
— Менің міндеттеріме есептілікті құру кіреді. Бір ай ішіндегі есептемелердің шығыс бөлігін жинақтап, айдың соңында немесе келесі айдың басында компанияның маркентингке қаша жұмсағаны, одан қанша табыс тапқаны туралы жалпы тұжырымдалған жиынтық есептемесін ұсынамын.
Бұл қаржылық аналитикке ұқсас, бірақ қаржылық аналитик компанияның жалпы шығындарын есептейді. Ал сауда қорларының маманы нақты маркетинг шығындарын есептейді.

3. Компанияларға сіздің қызметтеріңіз не үшін қажет?
— Мен жұмыс істейтін Компания дистрибьютор болып табылады, сондықтан бізге тауар ұсынатын белгілі бір компаниялар бар. Олар үшін біздің сатудан қанша пайда табатынымыз және тапқан табыстан қанша қаражат жұмсайтынымыз туралы ақпарат маңызды. Дистрибуция — бұл тауарларды сауда желілері арқылы сату болып табылады.
Неліктен компанияға сауда қорларымен айналысатын мамандар қажет десеңіз, олар компанияның қандай залалдары бар екенін және оның қанша тауар сата алатындығын түсіну үшін қажет. Сондай-ақ болашақтағы кірістер мен шығыстарды жоспарлау үшін.

4. Сіздің мамандығыңыз үшін арнайы білім қажет пе?
— Жалпы, ұйымда бар ??? бойынша жоғары білім қажет. Бірақ менің білуімше, мысалға, филармонияны бітіріп шығып, осы салада жұмыс істейтін адамдар да бар.
Мен әлемдік экономика мамандығы бойынша NARXOZ университетін бітірдім. Әлемдік экономика мамандығын бітіргеннен кейін әртүрлі салаларға есік ашуға болады. Бұл саясат болуы мүмкін, себебі оған әртүрлі елдер, олардың экономикасы және жалпы мәдениеті туралы ақпарат кіреді.

5. Осы жұмыс үшін қандай дағдылар қажет?
-Жұмысқа кірісер алдында, менен эксельді қаншалықты жақсы пайдалана білетінімді сұрады. Сондай-ақ, менің ойымша, қазір цифрландыру дәуірі болғандықтан, әртүрлі бағдарламаларды игеру керек. Қазір енгізуге байланысты әртүрлі бағдарламалар бар. Егер сіз трендте болсаңыз, өзініздің және жұмыс берушінің уақытын үнемдей аласыз.

6. Сұхбаттасудан қалай өтуге болады?
-Бұл лауазымға сұхбаттасусыз өттім, дәлірек айтқанда, мен компанияға стажер ретінде келдім. Кейін мені бухгалтерияға қабылдады. Бухгалтерияда бірнеше ай жұмыс істегеннен кейін маған осы лауазым ұсынылды, себебі олар менің қабілетімді көргендіктен шығар.

Назарларыңыз үшін рахмет! Үйде жатпаңыздар! Жатсаңыз да жұмыс істеңіздер!