Featured Video Play Icon

Физика бойынша грантқа түсу қиын ба? Физиканың қандай салаларында жақсы табыс алуға болады?

Автор: редактор 05 апреля, 2022


Барлықтарына сәлем, менің есімім Жандос, қазіргі уақытта мен ядролық физика институтында реакторды басқару инженері лауазымында жұмыс істеймін.

1. Немен айналысатыңыз туралы айтып бересіз бе?
Жұмысымның мәні, бұл негізгі технологиялық параметрлерді үздіксіз бақылау және реактордың қауіпсіз жұмыс істеуін сақтау.

2. Физик болу үшін қандай мамандыққа түсу керек?
Жалпы Қазақстанда, бүкіл әлемдегі сияқты, физиканы жақсы көретіндер мен елігетіндер үшін мамандықтардың үлкен таңдауы бар, яғни сен тар шеңберлі мамандықты да, мен бітірген ауқымы кең мамандықты да таңдай аласын.

3. Грантқа түсу қиын ба?
Қазақстанда грантқа түсу қиын емес, тек ҰБТ-ны жақсы баллға тапсырып, конкурстан өту жеткілікті. Грантқа түсу үшін жеткілікті балл деңгейі қатты жоғары емес, менің ойымша грантқа түсу үшін физиканы, жалпы қалған пәндерді де, нақты төртке білген жеткілікті.

4. Физика саласында жұмыс істеу үшін бакалавр деңгейі жеткілікті ме? Магистратура мен докторантура қажет пе?
Бакалавриат толық жоғары білім болып саналмайды, бірақ ол физика саласында, жалпы кез-келген салада, жұмыс істеу үшін жеткілікті. Бірақ егер сен мансап бойынша дамып, өсуді қаласан, онда кем дегенде магистратураны аяқтауын қажет және де егер сен болашақта ғылыммен айналысқың келсе, яғни қандай да бір жобалармен айналысып, Қазақстан ғылымына қандайда бір жаңалықтар енгізгің келсе, онда докторантураны да аяқтауға болады.

5. Түрлі салалардағы физика мамандарының жалақысы қандай?
Мұнай-газ салаларында жалақы, физиканың басқа салаларына қарағанда әлдеқайда жоғары екендігі ешкімге құпия емес, сондықтан да егер сен көп табыс тапқың келсе, онда мен саған мұнай-газ саласына түсуге кеңес берер едім. Сонымен қатар докторантурадан кейін жеке саты бар, бұл постдокторантура, яғни егер сен ғылыммен айналысқың келсе, онда түрлі жобалар бойынша жұмыс істеп, жақсы табысқа шыға аласын.

6. Физик тағы қандай салаларда жұмыс істей алады?
Физика-техникалық факультеттерде берілетін білім физика саласында ғана емес, сонымен қатар басқа салаларда да жұмыс істеу үшін жеткілікті деп санаймын, мысалы, сіз банкте немесе қандайда бір аналитикалық салада жұмыс жасай аласыз.

7. Ал университетте немесе мектепте сабақ беруге болады ма?
Егер сені сабақ беру қызықтырса, онда бакалавриаттан кейін бірден мектепте сабақ бере аласың, бірақ егер де сен университетте сабақ бергің келсе, онда саған докторлық дәреже, яғни PHD керек, тек содан кейін ғана саған бакалаврлар мен магистранттарға сабақ беруге рұқсат етіледі. Магистратурамен де университетте сабақ өткізе аласың, бірақ тек семинарлық және зертханалық сабақтарды ғана.

8. Ғылыммен айналысқысы келетін жастарға қандай кеңес бере аласыз?
Қазіргі уақытта Қазақстан өте мықты кеңес үкіметінің білім базасына ие, бірақ жалпы Қазақстанның ғылымы енді дамып келе жатыр. Сондықтан ғылым саласында, физика ғылымының саласында, жұмыс істейтін адам ретінде саған даму үшін, қандай да бір жобаларды жүзеге асыру және қандай да бір жаңалықтарды енгізу үшін көптеген мүмкіндіктер беріледі. Ең бастысы-бір орында тұрмау және дамуға деген ұмтылыстың болуы.