Сәлеметсіздерме! Менің есімім Асем Нурсаиновна. Мен «Medical Park» медицина орталығыгинекологиялық қызмет бөлімшесі меңгерушісімін.
1. Гинеколог болу үшін не істеу керек?
— Ең біріншіден дәрігер болуға және науқастарға көмектесуге шынайы ниет болу қажет. Мектепте жақсы оқып, кейін медициналық университетке түсу керек. Үлкен мөлшерде ақпаратты есте сақтау мен өңдеу икемділігі болу қажет, бұл медициналық университетте оқыған кезде керек болатын нәрсе. 5 жыл жалпы медицина бағытында оқып, кейін 2 жыл интернатурадан және 3 жыл резидентурадан өтіп, гинеколог мамандығын таңдау керек.
2. Қалай біліктілікті арттыруға болады?
— Біліктілікті университетті бітіріп мамандығын алғаннан кейін арттырады. Әрбір 5 жыл сайын дәрігерлер өз мамандығы бойынша біліктілікті арттырады. Осы 5 жылдың ішінде біліктілікті арттыру курстарында белгілі бір сағаттарды өткізіп аттестациядан өту керек.
3. Гинекологиядағы ең күрделі операциялар қандай?
— Егер ота жасаудың мөлшерімен қарастырсақ онда — жатырдың экстирпациясы болады. Бірақ кейбір кездерде бедеулікке байланысты операцияларда жабысқан жердегі ернеулерді алу процесі әлде қайда қиынырақ болады. Себебі бұл жағдайда операция — ішек, қуық сияқты көптеген ішкі мүшелердің қатысуымен өтеді. Содықтан да қарапайым саналатын фимбриолизис, сальпинголизис операциялары қиынға түсуі мүмкін.
4. Гинекологиялық жағынан қиыншылықтар, тек ретсіз жыныстық қатынасқа түсетін адамдарда ғана болады ма?
— Гинекологияда бірқатар аурулар бар, соның ішінде қабыну процестеріне сипатты аурулар ретсіз жыныстық қатынас арқылы беріледі. Қатерсіз ісік, гиперпластикалық процестер, қан ағуына байланысты критикалық жағдайға түсу сияқты аурулар қатары да бар, олардың ретсіз жыныстық қатынасқа ешқандай қатысы жоқ.
5. Қыз бала бассейнде шомылғаннан кейін жүкті болды. Бұл мүмкін бе?
— Бұл әрине дақпырт. Бассейн суы хлорданады және де жалпы судың мөлшері де өте үлкен болғандықтан бұл мүмкін емес. Жыныстық қатынасқа түспеген қыздарда жүктілікті белгілеген жағдайлар болды, бірақ бұл мүлдем басқа жолдармен өтеді. Мысалға, егер сперма сыртқы жыныс мүшелеріне түссе, онда жүкті болудың қауіпі бар.
6. Гинеколог қанша қаражат таба алады?
— Әрине, мемлекеттік мекеме мен жеке емханада жұмыс атқаратын дәрігерлердің жалақысы әртүрлі болады. Қалада мемлекеттік мекемеде дәрігер 200, 220 максималды 250 мың таба алады. Бұл дәрігердің категориясына, түнгі кезекшілік мөлшеріне, жұмыс жүктемесіне байланысты болады. Түнгі сағаттарды алатын дәрігерлердің жалақысы жоғарылау болады.
«Дипломмен — ауылға» бағдарламасы бар, бұл университетті жаңа бітіріп шыққан дәрігерлер үшін жақсы бағыт, дәрігерлер ауылдардағы емханаларда жұмыс істейді. Бағдарлама бойынша дәрігерлерге тұратын жер, көтерме ақы беріледі. Бірақ олар 3 немесе 5 жыл сол мекемеде еңбекті өтеулері қажет.
Жеке мекемелерде жұмыс істейтін дәрігерлер әлдеқайда жоғары қаражат табады. Бұл жерде процент үлесі ескеріледі. Нақты сомасын айтуға мүмкін емес, себебі әрбір медициналық мекеменің өз тарифі мен төлем келісімі болады. Дегенмен былай айтқанда, жеке мекемелерде дәрігерлер көбірек қаражат табады.
7. Пациенттерге қандай кеңес бере аласыз?
— Ең бастысы ауырсынуды сезінбесеңіз де, гинекологиялық қаралуға жиі келу. Әрбір жыл сайын міндетті түрде гинекологиялық қаралудан өту керек. Себеб і асқынған кезде ғана симптомдары көрінетін, тыныш өтетін аурулар бар. Жыл сайын гинекологқа қаралу сізді жағымсыз жағдайлардан сақтап қала алады!