Featured Video Play Icon

Хирургиялық гинекология табысты ма? Университеттен бірден жұмыс табуға бола ма?

Автор: редактор 12 Шілде, 2022


Қайырлы күн, менің аты-жөнім Чупин Александр Николаевич. Мен гинекологпын. Гинекология өте ауқымды ғылым. Менің жұмысыма гинекологияның хирургиялық бөлігі кіреді, яғни мен генекологиялық патологияның әртүрлі формалары, туа біткет ауытқулары бар пациенттерге операция жасаймын.

1. Өз мамандығыңыз туралы айтып бересіз бе?

Медицинамен 20 жыл бойы айналысып келемін. Биыл университетті бітіргеніме тура 20 жыл болды. Оқудан кейін бірден хирургиялық белсенділікпен айналыса бастадым.

2. Мамандығыңызды игеру қиын болды ма?

Бұл мамандық шынымен де оңай емес, оны университеттің бірінші курсынан бастап жақсы көру керек. Ол сізге дамуға, өсуге көмектеседі. Онымен бірге түсінік, сана, медициналық мәселені түсіну де дамиды. Медицина – бұл бөлек ғылым, бұл философия. Жалпы мамандық хирургияны медицинаның бір бөлігі ретінде түсінуге көмектеседі.

3. Басқа қалаларға шығып операциялар жасайсыз ба?

Ия, әрине, бізде көшпелі операциялар бар. Біз Қазақстан бойынша бірнеше қалада операциялар жүргіземіз. Біз деген, ол біздің гинекологтар тобы. Сондай-ақ тобымыз бірнеше рет көрші елге де барды. Қырғызстаның Бішкек қаласына. Онда олардың клиникаларында операция өткіздік. Оперативтік гинекология бойынша шеберлік сабақтарын бердік. Біздің команда GynTeam деп аталады. Біздің инстаграмм gym_team.
Біздің командаға 10 адам кіреді. Жақында университетті бітіріп, студенттік орындықтан шыққан жас мамандар да бар. Біз бастапқыдан оларға пациенттердің денсаулығына зиян тигізбеу үшін білуге тиісті барлық білімге үйретеміз. Медицинаны, әсіресе хирургияны дұрыс түсінуге көмектесеміз.

4. Мамандығыңыз жақсы табыс әкеледі ме?

Ия, әрине, кез-келген мамандық сияқты, ол да белгілі бір табыс әкеледі. Әрине, медицинада сіз миллиондар немесе мыңдаған доллар таба алмайсыз. Бірақ өмірге, демалыс және отбасы үшін жеткілікті, жалпы барлық нәрселерге жеткілікті.

5. Қандай аппаратурамен жұмыс істейсіз?

Қазіргі уақытта біздің негізгі аппаратурамыз – Olympus компаниясының 3D лапароскопиялық сөресі. Ол кинотеатрлардағы көзілдірік сияқты жұмыс істейді, яғни біз операция кезінде арнайы 3D көзілдіріктерді киеміз. 3D визуализация лапароскопия, гистероскопия кезінде хирургқа ұлпаның тереңдігін анықтауда өте жақсы көмектеседі. Жалпы, көптеген мүмкіндіктер береді. Сондай-ақ, қазір Olympus компаниясы бізге 4K сурет сапасын беретін аппаратураны ұсынады, ол 3D-ге қарағанда әлдеқайда күшті. Біздің жұмысымыздың сапасы көптеген жағдайда бейне және аппаратураның сапасына тікелей байланысты.

6. Талапкерлерге кеңесіңіз

Жастарға, институтқа енді ғана түскендерге және жоғары курстарда оқып, не қалайтынын әлі анықтай алмай жүрген студенттерге айтарым – өз-өзіңізден немен айналасқыныз келетінің сұрауыңыз керек. Қаннан қорқасыз ба, жоқ па? Сізді қай бағыт қызықтырады – хирургия, терапия, параклиника немесе диагностика ма? Егер сіз хирургияны таңдасаңыз, онда бұл жай ғана жауапкершілік емес, бұл өте үлкен жауапкершілік екенін түсінуіңіз қажет. Адам акушер-гинеколог мамандығын таңдағанда, міндетті түрде бастапқыда перзентханадан өтеді. Ал перзентханада жауапкершілік екі есе артық, ана үшін де, сәби үшін де. Сондықтан бұның барлығы шынымен де байыпты нәрсе екенін түсіну керек.