Featured Video Play Icon

III Карл – Ұлыбританияның жаңа патшасы

Автор: редактор 13 Қыркүйек, 2022


III Карл – Ұлыбританияның жаңа патшасы

II Елизавета қайтыс болған соң, оның тақ мұрагері ханзада Чарльз жаңа патша атанды. Сонымен қатар ол бірден әкесінің «Корнуолл герцогы» атағын да иемденді. Чарльз Уильямның әйелі Кэтрин де Корнуолл герцогинясы атағын иеленбек.

Айта кетсек, елді 70 жыл басқарған Ұлыбритания патшайымы II Елизавета 96 жасында қайтыс болды. Патшайымның қазасы туралы бірнеше сағат бұрын Букингем сарайы ресми түрде хабарлады.

II Елизавета патшайымның қайтыс болғанын білген мыңдаған адам оның резиденцияларына жиналуын тоқтатар емес. Таққа ең ұзақ ұзақ отырған монархты еске алып, қимастық білдіруде. Букингем сарайының қақпасына мыңдаған адам гүл шоқтарын қойып жатыр. Сарайдың қақпасында ІІ Елизаветанің қайтыс болғанын хабарлайтын аза тақтасы ілінді.