Featured Video Play Icon

Интервьюер болып кім жұмыс істей алады? Оның жалақысы неге байланысты?

Автор: редактор 14 июня, 2022


Сәлеметсіз бе! Менің есімім Расим. Мен қоғамдық пікір жинаумен айналысатын (әлеуметтік сауалнамалар жүргізетін) компанияда интервьюер болып жұмыс істеймін.

Біздің жұмысымыз – мемлекетті қызықтыратын мәселелер бойынша азаматтар пікірлерін жинау.

Біздің жұмысымыздың мақсаты – халықтың әр түрлі топтары арасында сауалнама жүргізу арқылы пікірлердің кең спектрін қамтамасыз ету.

Жұмыс барысында, әрине, қиындықтар туындайды. Мысалы, кейбір адамдар интервьюерге күмәнмен қарайды. Сондықтан қоғамдық пікірі жинау оңай емес.

Бірақ жұмысымыздың қызықты жағын қарастырсақ, бұл – интервьюердің коммуникативтік қабілеттерін дамыту, жаңа адамдармен кездесу және өзіне деген сенімділікті дамыту мүмкіндігі.

Бұл жұмыс студенттер үшін өте ыңғайлы, себебі жұмыс уақытының кестесі икемді болғандықтан, сен өзіңе ыңғайлы уақытты таңдай аласың.

Төлемақы сіз жасаған жұмыс көлеміне және сауалнама алынған адамдар санына тікелей байланысты.

Қорытындылай келе, барлық жұмыстар жақсы деп айтқым келеді, бірақ ең бастысы өзінізге ұнайтын жұмысты таңдау керек. Өзгерістерге қарай ұмтылыңыздар! Үйде жатпаңыздар!