Featured Video Play Icon

Ішкі істер министрлігі Қазақстанда халықаралық «көмек қажет» деген белгіні қолдануға болатынын еске салды

Автор: редактор 17 декабря, 2022


Полиция бұл туралы арнайы ролик түсірген. Егер сіз зорлық-зомбылық көріп, өздігіңізден полицияға жүгіне алмасаңыз, «көмек қажет» деген белгіні көрсетіңіз.

Егер сіз біреудің осы белгіні көрсеткенін байқасаңыз, демек ол адамға көмек керек. Жедел 102 арнасына хабарласыңыз.

Алақаныңызды ашып, бас бармағыңызды бүгесіз де, оны қалған төрт саусағыңызбен жабасыз.