Сәлеметсізбе, менің есімім Айджахан, мен контент студияның иесімін, сонымен қатар мобильдік фото және видео түсірумен айналысамын.
1. Сіздің бизнесіңіз қандай екенін толығырақ айтып бересіз бе?
— Менің контент студиям бар, біз контенттің түсірілімін жасаймыз. Негізгі идея — бір бөлмеде әртүрлі контентті түсіру мүмкіндігі. Мұндай студияның негізгі аудиториясы — шағын және орта бизнес, косметикамен, киім-кешекпен айналысатындар, өздерінің шағын бизнесі бар адамдар.
2. Фотостудиямен қалай айналыса бастадыңыз?
— Аудиторияның бұған қажеттілігін көргендіктен айналыса бастадық. Мұндай студияда кадрлар әр түрлі болады, бұл Instagram-ға өте жағымды. Қазір Instagram арқылы жұмыс істейтін көптеген бизнестер бар және оларға сапалы фотосуреттер жасауға мүмкіндік беретін кеңістіктің болуы маңызды. Контент студиясын ашу идеясы пайда болған кезінде менің серіктесім болды, екеуміз қаламызда бір кеңістікте толық контентті түсіруге болатын студиялар жоқ екенін талқыладық. Менің күйеуім өзі де кәсіпкер болғандықтан, оған біздің идея біраз күлкілі көрінді. Жалпы біз біреуге пайдалы болғымыз келді. Істі серіктес екеуміз бірге бастағанбыз, көптеген қиындықтарды бірге бастан кештік, бірақ жыл соңында, желтоқсан айында, біздің серіктестігіміз аяқталды деуге болады, мен жалғыз қалып, қазір бизнесті өзім алға жылжытып жатырмын.
3. Сіз өзіңіз суретке түсіресіз бе немесе видео түсіресіз бе?
— Телефонмен түсіремін, сонымен қатар видеоны телефонмен түсіремін, жалпы мобильді фотосессия және видео түсіріліммен айналысамын.
4. Қандай қиыншылықтарға тап болдыңыз?
— Біздің жолымызда әртүрлі қиыншылықтар болды. Контент студиясын ашқан кезде біз фотостудия бизнесіне кіретінімізді білмедік, ал осы бизнеске кірген кезде, әрине, көптеген түсінбеушіліктер болды. Клиенттеріміз студияның мағынасын түсінбеді, өйткені студия 40 квадраттан тұрып оның ішінде 6 локация болды, не себепті бұның осылай екенін көбі түсінбеді. Себебі адамдар үлкен студияларға, үлкен кеңістіктерге үйреніп қалған. Жолымызда осындай кішігірім қиыншылықтар болды. Біз қаңтар айында өте жағымсыз оқиғаға ұшырадық, қаңтар оқиғасы кезінде біздің студиямыз толығымен өртелді, одан тек күлден басқа ешнәрсе қалмады. Жаңа орынды іздеуде қиыншылықтарға тап болдым, себебі Қазақстанда, басқа қалаларда осындай студиялардың көптеген көшірмелері пайда болды. Басында бізге бұны қабылдауға өте ауыр болды, бірақ қазір мынадай сұраныс болса, онда осындай студиялардың қажеттілігі бар деген сөз. Бірақ қазір нарыққа жаңа әрі қайталанбайтын контент бергіміз келгендіктен, бәрін өзгертуге шешім қабылдадық, жаңа локациялармыз болады, ал былай айтқанда біздің көшірмелеріміз Алматы қаласы мен басқа қалаларда көбейді.
5. Мемлекеттен ШОБ-қа қолдау бар ма?
— Қаңтар айындағы оқиғалар болған кезде, мен студиядан ештеңе қалмады деп ойладым, себебі ол барлық оқиғалардың эпицентрінде — Республика алаңында орналасқан болатын. Біз сол кезде байланыстан ажыратылдық. Мемлекет шағын және орта бизнесті қалпына кетіруге көмектесетіні туралы бірден хабарлады. Процесс біршама ұзақ болды, біз көптеген қағаздарды жинадық, бірақ шамамен 2 ай ішінде талқыланған соманың барлығы толығымен қалпына келтірілді, біз толық өтемақыны алдық.
6. Компанияны қандай платформаларда жылжытасыз?
— Біз компанияны Facebook және Instagram жарнамасы арқылы алға жылжытамыз, себебі көбінесе бұл платформаларда контентті қажет ететін аудиториямыз отырады. OLX пен маркетплейстерде жарнамалауды көрдік, бірақ оның аса пайдасы болмады, сондықтан бюджеттің шығымы болмас үшін, біз Facebook пен Instagram-да қалдық.
7. Бизнестің осындай түрімен айналысу үшін қандай да бір оқуды бітіру қажет пе?
— Арнайы білім алудың қажеті жоқ деп ойлаймын, себебі бұл жерде бизнес үнемі жоғары-төмен секіріп жүретінін, қиыншылықтардың болатынын түсіну маңызды, ол ешқашан тек жоғары көтеріліп, тек пайда табудан ғана тұрмайды, әр түрлі жағдайлар болады. Жарнаманы тестілеу деген бар, егер сізде SMM-де қандай да бір базалық білім болса, бұл өте жақсы болады, ол сіздің бизнесіңізді дамытуға көмектеседі, бірақ білім алу туралы айтсақ, арнайы бұның барлығы ешқайда оқытылмайды.
8.Енді бастап жатқан кәсіпкерлерге берер кеңесіңіз?
— Мен бастаушы кәсіпкерлерге бастап көруден қорықпауға кеңес берер едім, бизнес бұл әрқашан тәуекел, айтарлықтай тәуекел, әр түрлі жағдайларға дайын болу керек. Тек жақсылыққа сену керек. Өйткені егер сіз жақсы нәрсе жасасаңыз, онда әрқашан да қайтарым болады.