1. Ғылыми мамандыққа грантқа түсу қиын ба?
Бұл — өте қызық сұрақ. Әрине, кез келген бастау қандай да бір қиындыққа алып келеді. Егер фундаменталдік білімің, мектептегі білім өте жақсы болатын болса, ондай мамандықтарға жоғарғы оқу білім орындарына түсу өте оңай.
2. Қазір қандай мамандықтар сұранысқа ие?
Барлық мамандықтар сұранысқа ие деп айтуыма болады. Әрбір мамандықтың өзінің орыны бар, бірақ соңғы кездері инженерлік және информатикалық жағында мамандар көп керек. Егер жақсы білім алып, жақсы маман болып шықсаң, кез келген мамандықта сұраныс өте көп. Ал енді техникалық жағынан қарастыратын болсақ, бүгінгі күнде инженерлік мамандық жетіспеуде. Олар кез-келген өндірістік орындарда, оның ішінде электроника, жылу, физика салаларына керек. Физикалық, химиялық мамандықтар өте тапшы.
3. «Техникалық физика» мамандығы бойынша кім болып жұмыс істеуге болады?
Техникалық мамандық бойынша дайындалған студенттер бакалаврлер өндірістік орындардан бастап коммерциялық орындарға дейін жұмыс істей алады. Бұл мамандық универсалды мамандық деп айтуға болады.
4. Криофизик деген кім?
Криофизик дейтініміз бұл өте төменгі температураларда жұмыс істейтін маман физиктер. Крио дейтін әшейін қоспа, бұл өте төмен температура деген ұғымды береді.
5. Бакалавр дәрежесімен сабақ беруге болады ма?
Бакалавр дәрежесін алғанға және мамандыққа байланысты, егер педагогикалық мамандық болса, әрине олар сабақ бере алады. Университеттерде сабақ беруге болады, бірақ негізгі ұлттық университеттерде, рейтингі жоғары университеттерде сабақ бере алмайды. Әртүрлі профильдік оқу орындарында, мектептерде сабақ беруге болады.
6. Магистратура не үшін қажет?
Магистратура бұл бакалаврлық фундаменталды білім базасын әрі қарай шыңдау. Әрине бакалавр деңгейінде де ғылыми жұмыстар бар. Бүгінгі күні оқу үрдісі үш сатылы ғой, бұл: бакалавр, магистратура және докторантура болып бөлінеді, міне соның орта шені.
7. Қай бағыттағы магистратураға түскен дұрыс: бейінді магистратураға ма әлде ғылыми-педагогикалық магистратураға ма?
Ол енді әрбір ізденушінің талабына байланысты, сұранысына байланысты.
Профильдік магистратура әрі қарай докторантураға түсуге мүмкіндік бермейді, ол үшін қажетті кредиттерді қайтадан оқып, толықтырып содан кейін баруға болады. Ал ғылыми-педагогикалық магистратурада педагогикалық жағынан да өзінің іс-әрекетін жасауға болады, жұмысын әрі қарай жалғастыруға және ғылыми бағытқа қарай дәлірек айтқанда докторантураны жалғастыруға мүмкіндік береді.
8. Докторантура кімге керек?
Докторантура кез келген азамат үшін, кез келген ғылыми жұмыспен айналысам дейтін адамдар үшін керек. Докторантураның негізгі бағыты, талабы осы докторантқа тек ғылыммен айналысуға әрі қарай карьера жасауға емес, әрине ғылыми бағытында карьераға да қажеті болуы мүмкін, бірақ негізгі жұмыс бұл шынайы ғылыммен айналысу.
9. Физикамен айналысып қалай ақша табуға болады?
Әрине ғылыми жол өте қиын, дегенмен құдық қазғандай жұмыс адамнан уақыт және білімді терең талап етеді. Ал ақша жағын, баю жағын ойластыратын болсақ, онда ғылымда ондай ойменен жұмыс істеуге болмайды, онда екеуі бір-біріне сәйкес келмейді. Баю үшін коммерциямен айналысу керек, материалдық баю үшін, ал рухани баю үшін ғылыммен айналысу керек.
10. Ғылыми жоба бастап, мемлекеттен қаржыландыруды қалай алуға болады?
Бүгінгі күні мемлекет тарапынан өте көп конкурстар, гранттар беріліп жатыр. Кез-келген адамға мүмкіндік бар, егер өзінің ойыңда қандай да бір ғылыми сұрақ әрқашан сізді қызықтырып жүрген болса және сол жағынан сенімді болсаңыз, онда конкурстарға өзінің жобасын жазып берсе, сол конкурста грант ұтып шығу мүмкіндігі бүгінгі күні өте жоғары. Міне жаңа ғана айттым, «постдок» программасы ашылған, соған да беруге болады. Ол жерде де өзінің ойға түйіп жүрген жобаң болса оны жақсылап жазып беріп конкурста грант ұтып алуға мүмкіндік өте жоғары. Оның үстіне жастарға арналған гранттар бар, ол гранттар жылына 2 рет беріліп жатады, сол жақта да мүмкіндік өте жоғары. Бүгінгі күні жастарға арнап ғылыми конкурстарды жиі жариялап жатыр, соған тапсырса, кез-келген ғылымменен айналысам дейтін жастардың мүмкіндіктері бар.
Жастарға айтатын тілегім шексіз көп деп айтуыма болады. Бүгінгі күні әлемнің қойып жатқан талабы әрбір адамға өте күрделі болып келеді, күннен күнге, мына жақында ғана соңғы 2-3 жылда табиғи қиындық, оны біз пандемия дейміз, әлемдік, соны өз көзімізбенен, өз басымызбенен өттік. Бұл жерде де осыны жеңіп шығу үшін қиын мәселелерге біліммен келу керек екенін көрдік. Әрбір мәселе тек білім менен ғылыммен ғана шешіледі.