Featured Video Play Icon

ЛРТ салынатын болды

Автор: редактор 04 Қараша, 2022


Оған Астана әкімдігі 20 миллиард теңге бөлмек. Премьер министр Әлихан Смайыловтың айтуынша, бұл жобаның одан әрі дамытудың түрлі схемалары мен нұсқаларын зерттей келе, билік оны жүзеге асыруды жалғастырып, құрылысты аяқтау қажет деген ортақ пікірге келген.

Бұл шешім халықаралық сарапшылар мен қала жұртшылығының пікірлерін ескере отырып қабылданған.

Астана әкімі Алтай Көлгінов LRT құрылысының аяқталу мерзімі туралы айтқан болатын. Бұл ретте ол аяқталмаған LRT бойынша атқарылған жұмыстардың ақысын қаланың әлі 5 жыл бойы төлейтінін атап өтті.