Featured Video Play Icon

Медуза кейпіндегі татуировка. Ол нені білдіреді?

Автор: редактор 02 Қыркүйек, 2022


Медуза кейпіндегі татуировка. Ол нені білдіреді?

Егер елімізде денесіне медуза кейпі бейнеленген татуировкасы бар қыз көрсеңіз айналып өтпеңіз. Міндетті түрде қандай көмек бере аламын деп сұраңыз. Ең бастысы, ол қыздың көңіліне қаяу түсіріп алмаңыз. Психолог ретінде болуыңыз керек. Ең бастысы – психологиялық көмек.

Тик-ток тренді бойынша жыныстық зорлыққа ұшыраған, бірақ оны көпшілікке әшкереле алмаған қыздар осындай Медуза горгона бейнесін татуировка ретінде сала бастады. Бұл – біз жалғыз емеспіз, біздің ортақ проблемамыз бар дегенді білдіреді.

Әлемде де, бізде де бұл проблема өршіп тұр. Әлемде зорлыққа қарсы meetoo, ал бізде НеМолчи қозғалыстары пайда болды. Көптеген қыздар бастарынан өткен бұл проблеманы жасырып келеді. Ал сондай әрекетке барған қылмыскерлер өздерінің жазаға тартылмағанын көріп, одан бетер заңсыз әрекеттерін күшейте бастады.

Сондықтан Медуза татуировкасы қыз тарапынан көмек кереу деген сигнал болуы мүмкін. Сырт айналмаңыз. Қоғамды әділетсіздік пен қылмыстан тазарту тек өз қолымызда