Featured Video Play Icon

Мемлекеттік грантқа қандай құжаттар қажет? Шартты түрде оқу деген не?

Автор: редактор 05 Шілде, 2022


Барлықтарыңа сәлем! Менің есімім Алина. Мен Нархоз университетінің маркетинг және қабылдау департаментінде бакалавриатты алға жылжыту бойынша координатор позициясында жұмыс істеймін.

1. Өз кәсібіңіз туралы айтып бересіз бе?

Біздің департамент, Нархоз университетінің білім беру бағдарламаларын жылжытумен жыл бойы айналысады, бірақ жазғы кезеңде біз қабылдау комиссиясымыз. Студенттерді оқуға қабылдаумен айналысамыз.

2. ЖОО-да қандай гранттар бар?

Нархоз университеті талапкерлер мен біздің ЖОО-ға басқа да түсушілер үшін күшті қаржылық қолдау көрсетеді. Бірінші кезекте біздің бас акционеріміз Болат Жамитұлы Өтемұратовтың бірегей гранттарын атап өткім келеді. Бұл «Болашақ бизнес көшбасшылары» стипендиалдық бағдарламасы. Оған жыл сайын көктем мезгілінде олимпиада өткізіледі. Грант Нархоз университетінің 4 жылдық оқуын, 70 мың теңгені құрайтын айлық стипендияны және халықаралық тағылымдаманы қаржыландырады.

3. Осы жылы мемлекеттің тарапынан қанша грант бөлінеді?

Өкінішке орай, қазір біз бұл сұраққа нақты жауап бере алмаймыз, бұл ақпарат сәл кейінірек болады. Айта кетейін, жақында, шілде айының ортасында мемлекеттік гранттың конкурсына қабылдау басталады.

4. Университетті таңдауда қандай факторларға сүйену қажет?

Менің ойымша, университетті таңдауда 3 негізгі фактор бар. 1 – аккредиттеу мен рейтинг, 2 – профессор-оқытушылар құрамы және 3 – білім беру бағдарламалары. Олар қаншалықты практикаға бағдарланған. Сондай-ақ, өзім тағы 2 фаторды қосқым келеді. Бұл студенттік өмір және инфрақұрылым.

5. Егер ҰБТ-дан шекті балл жинай алмасам, ЖОО-ға түсе аламын ба?

Біздің университетте шартты түрде оқуға қабылдау қарастырылған. Сіз тыңдаушының негізінде жазыласыз. Барлық студенттермен бірге дәрістер мен семинарларға қатысыңыз. Бір ғана шарт – бірінші курсыңызда ҰБТ-ны шекті баллға тапсырып, бізге сертификатты өткізу.

6. Университетті көруге келсем бола ма?

Ия, әрине. Жалпы, барлық жоғары оқу орындарында қабылдау комиссиясы кезінде осындай саясат бар. «Ашық есік күні» деп айтауға болады. Сіз келіп, ғимаратты, жатақхананы көре аласыз, консультация ала аласыз, қалауыңыз болса оқуға құжаттарды тапсыра аласыз. Біздің университетте әр жұма сайын кампус тур өтеді. Бұл қосымша іс-шара. Сіз біздің кампусты апта бойы қабылдау комиссиясының жұмыс уақытында келіп көре аласыз. Бірақ егер сіз арнайы тур алғыңыз келсе, әр жұма сайын 16:00-ден 17:00-ге дейін өткізілетін кампус турына шақырамыз.

7. Жастарға тілектеріңіз

Әрбір талапкер үшін берер кеңесім, ЖОО-ны ешкімнің піріне сүйенбей өзіңіз таңдағаныңыз жөн. Себебі бірінші кезекте осы университетте оқып, оны аяқтайтын адам сіз боласыз. Мен тізімдеген барлық факторларға назар аударуды ұмытпаңыз. Біздің ұранымыз «Learning today – leading tomorrow», бұл – «Бүгін оқы – ертең көшбасшы бол» дегенді білдіреді. Үйде жатпаңыздар!