Featured Video Play Icon

Мемлекеттік кірістер комитеті @SalyqBot сандық салық кеңесшісін іске қосты

Автор: редактор 18 декабря, 2022


Мемлекеттік кірістер комитеті @SalyqBot сандық салық кеңесшісін іске қосты.

«@SalyqBot» 1 наурыздан бастап телеграм-да жұмыс істейді. 

Аталмыш бот бірнеше функциядан тұрады. Олар:

— пайдаланушыға салық берешегінің болуы немесе болмауы туралы ақпаратты лезде алуына мүмкіндік береді;

— салық төлеушілерге көлік құралдары салығы мен өсімақыны өз бетінше есептеуге көмектеседі;

— қажетті анықтамалық ақпаратты білуге, салық күнтізбесін пайдалануға мүмкіндік береді;

— жеке немесе заңды тұлғаның қажеттілігіне байланысты пайдалы жаңалықтар мен хабарламалар жібере алады;

— пайдаланушыларға Мемлекеттік кірістерге қатысты өзекті тақырыптар мен мәселелер туралы бейне сабақтар мен бейне нұсқаулықтар арқылы мәлімет береді;

— заңды тұлғалар үшін төленген сомалар туралы ақпаратты білуге мүмкіндік береді.