Featured Video Play Icon

Мопедтер мен самокаттардың аяғына кісен салынбақ

Автор: редактор 08 Сәуір, 2023


Мопедтер мен самокаттардың аяғына кісен салынбақ

Алматыда жыл басынан бері мопедтердің қатысуымен 199 жол-көлік оқиғасы орын алған. Бұл туралы Алматы полициясы айтып отыр. 

– Мопедтер 80 шақырым сағат жылдамдықпен жүре алады. Осыған байланысты Ішкі істер министрлігі деңгейінде қозғалтқыш көлемі 50 текше сантиметрден асатын мопедтерді тіркеуге алу бойынша бастама көтеріліп отыр», – деді Алматы қалалық полиция департаменті жергілікті полиция қызметінің басшысы Ержан Ұзабаев.

Қазір мопедті жүргізуші куәлігінсіз басқара беруге болады. Ол Сергек камераларына ілінбейді. Сондықтан, мопед иелері өз жауапкершілігін сезінбей жүр. Биылдан бастап олар камера арқылы бақыланып отырмақ.

Алматыда курьерлік қызметке деген сұраныс артып барады. Соның салдарынан мопед айдайтын курьерлер көбейген. Бұл өз кезегінде жаңа қауіптің бетін ашып отыр. Мопедтің қатысуымен жол-кқлік апаттары бірнеше есеге өскен. Енді мемлекет осы мәселені қатаң бақылауға алмақ.