Featured Video Play Icon

Музыкалық мектептің пайдасы неде? Фортепианода ойнауды үйрену үшін неше жыл қажет?

Автор: редактор 26 Шілде, 2022


– Сәлеметсізбе! Менің атым Алина. Мен музыкалық мектепте фортепиано саласын бітірдім.

– Сіз мектепті бітіргеннен соң арнайы диплом аласыз. Осы дипломмен ЖОО-ға түсуге болады.

– Оқуды бастағанда сіз өзіңізге ұнайтын аспапты таңдайсыз. Мысалы, мен фортепианомен 7 жыл айналыстым.

– Бірнеше жыл бір аспаппен айналысу балаға өте қиын келеді. Сондықтан құрметті ата-аналар, балаларыңызды мәжбүрлемей, оларға мотивацияны табуға көмектесіңіз.

– Осы мектепте сольфеджио және музыкалық әдебиетті оқуға міндеттісіз. Сондай-ақ вокалмен, хормен, хореографиямен айналысуға болады.

– Музыкалық мектептің пайдасы – жан-жақты дамыту, ой өрісін кеңейтужәне қызықты уақыт өткізу.

– Мен сізге әртүрлі конкурстарға, концерттерге белсенді қатысуға кеңес беремін, себебі сіз ұтып алған сертификаттарды портфолиоға қоса аласыз.

– Музыканы үйреніп, үйде жатпаңыздар!