Осы аптаның топ жаңалықтары

Автор: редактор 11 Тамыз, 2023


🎬«Гран Туризмо» спорттық драмасы. Фильм элиталық спортта өз орнын табу үшін барлық тәуекелге баруға дайын құмар ойыншының, сәтсіз көлік жүргізушісінің және идеяға толы маркетологтың таңғажайып шынайы оқиғасына негізделген. Қызықты әрі экшнге толы оқиға, әр адамға шабыт береді. Яғни, егер кімде-кім жеңгісі келсе, мүмкін емес нәрсенің жоқ екенін дәлелдейді. Басты рөлдерде: Арчи Мадекве, Орландо Блум.

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=lZHtaJU-Gnw

🎬«Рай для дурака» комедиясы. Танымал актер түсірілім алаңына барудан бас тартады. Соған байланысты туынды тағдыры да күрт өзгеріп, құбылмалы болады. Бір күні продюсер көшеде қыңыр мінезді актерге ұқсайтын адамды кездестіреді. Нәтижесінде продюсер белгісіз жанды өз ортасына тартады. Ол сценарист және режиссермен бірге оны түсірілім мен басқа да мақсат үшін пайдалануды шешеді. Басты рөлдерде: Чарли Дэй, Кен Жонг. 

Жас рейтингі: 18+ 

 

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=ruS6EHjKSp4

🎬«Хвостатые пришельцы» отбасылық фантастикасы. Ағасы мен әпкесі ата-аналарымен бірге ғарыштан келген белгісіз үштікке көмектеседі. Өзге ғаламшарлықтар көзге түспес үшін жердегі сүйкімді иттердің бейнесіне енеді. Жаңа достарының көмегімен олар кемелерін жөндеп, үйлеріне қайтуы үшін көптеген кедергіні жеңуі керек. 

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=IWXi5emauwU

🎬«До встречи на Венере» мелодрамасы. Миа әрқашан қозғалыста жүрген көңілді жан. Ал Кайл өзін-өзі жоғалтып, өмірдің мәнін түсіне алмай жүр. Осылайша екеуі бір-біріне қажет кезде кездейсоқ кездесіп қалады. Миа өзінің туған анасын табу үшін Америкадан Испанияға сапар шегетін серігін іздестіреді. Оның жағдайында “жоқ” сөзі қабылданбайды. Нәтижесінде Миа мен Кайлды махаббат пен өмірдің мәнін іздейтін ұмытылмас саяхат күтеді. Басты рөлдерде: Вирджиния Гарднер, Алекс Айоно. 

Жас рейтингі: 16+  

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=ovXqBkppQOs

🎬«Домовята: Навстречу приключениям» мультфильмі. Көңілді үш дос айналасындағылардың бәріне кедергі келтіреді. Алайда олар үшін бұл – үлкен қуаныш. Бір күні достар баспанасыз қалады. Енді олар көңілді бола алатын жаңа жер іздеп ұзақ сапарға шығады. 

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=zf0uYlBkWpc

🎬«Развод по-геймерски» комедиясы. 14 жасында Джордан мен Патрик нағыз трагедияны бастан өткереді. Олардың сүйікті PlayStation құрылғысы істен шықты. Бұл оқиға олар үшін ауыр соққы болады. Өйткені Францияның оңтүстігіндегі шөл далададан жаңа ойын консолін алу оңай емес. Қиын уақыт ойға қонымсыз шаралар істеуді талап етеді. Сәйкесінше жігіттер аты жаман ауруға шалдыққандарын айтып,  ем үшін онлайн қаражат жинауға бел буады. Ал бұл қаражат жаңа құрылғы сатып алуға жұмсалмақ. Бәс – жоғары. Егер олардың алаяқтығы туралы білсе, жігіттер келеңсіз жайтқа душар болмақ. Басты рөлдерде: Ванесса Парадис, Эван Бурдель.

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=0_oKAKCC5JI

🎬 » Два, три, демон, приди!»  қорқынышты фильмі. Осы әлемге адасқан жандарды шақыратын ежелгі рәсім кештің ең негізгі ойын-сауығына айналды. Ереже – қарапайым. Яғни, мумияланған қолдың алдында қарғыс айтып, елесті денеге кіргізу. Ең бастысы оны – 90 секунд сақтау. Рәсімді бұзуға болады. Алайда мұндай жағдайда портал жабылмайды. Қатысушылардың санасы қорқынышқа толып,тірілер өлгендерге қызғанышпен қарайды. Басты рөлдерде: Ари Маккарти, Хамиш Филипс. 

Жас рейтингі: 18+  

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=pZgHWVQy1A0

🎬«Девичник: Убойная ночь» боевигі. Сегіз қыз Калифорния төбесінде орналасқан шалғай фермадағы бойдақтар кешіне барады. Ойын-сауық кезінде бетперде киген қаскүнемдер үйді қоршап, қонақтарға оқ жаудырады. Осылайша кеште жүрген Ирак соғысының ардагері Тесс, өзінің жарақаттарына қарамастан, шабуылшыларға қарсы тұруда жетекшілік етеді. Оның басты мақсаты – қараңғы түнде өзін және басқаларды қорғау. Басты рөлдерде: Мэгги Кью, Ито Агайере. 

Жас рейтингі: 18+  

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=DLzIRnNmI6M я