Осы аптаның жаңа кинолары

Автор: редактор 18 Тамыз, 2023


🎬” Менің үйім қайда?” отбасылық комедиясы. Алматыдан келген профессор Жеңіс Альфредович арманындағы үйін жылдар бойы жинаған ақшасына сатып алады. Олар жаңа үйге көшкенде отбасымен бірге бақытты өмір сүруге үміттенеді. Алайда қуанышы ұзаққа созылмайды. Өйткені алаяқтар жалған құжат арқылы үйді тағы екі отбасына сатқан екен. Үйдің заңды иесі кім? Алаяқтар ұстала ма? Үйді кім алады? Мәселе бірден шешілмейді. Осылайша алаяқтықтың құрбаны болған үш отбасы бір үйде тұруға мәжбүр болады. Басты рөлдерде: Жан Байжанбаев, Динара Әбікеева, Қажет Смағұлов, Лаура Мырзахметова, Жұлдыз Өмірғали, Руслан Тай.

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=ux6uj6EPU8Q

🎬«Синий Жук» фантастикасы. Мексикалық жігіт бөтен қоңызды кездестіреді. Соның арқасында ол керемет күшке ие болады. Басты рөлдерде: Сюзан Сарандон, Харви Гильен.  

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=aV_an1PcDXs

🎬»Лучшие дни» музыкалық комедиясы. Фильм төрт достың оқиғасына негізделген. Олар 25 жылдан кейін саяхатқа шығып, Take That тобының әндерімен жастық шақтарын еске алады. Басты рөлдерде: Эшлин Би, Амака Окафор.  

Жас рейтингі: 18+    

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=PeENzFKmJ4Y

🎬«Ограбление из будущего» фантастикалық экшн-фильмі. Ли Уорнер және оның командасы құпия заттарды олар пайда болғанға дейін ұрлаумен айналысады. Z + таблеткасын пайдаланушы өзінің санасын ертеңгі өзімен бір сағатқа бөлісуге мүмкіндік береді. Тиімді және қауіпсіз жұмыс істеу үшін команда уақытты дұрыс пайдаланып, саяхаттаудың қатаң ережелерін ұстанады. Егер жұмыс дұрыс болмаса, Ли Мен команда өздерінің өткенін, бүгінін және болашағын сақтау үшін қателіктерін түзетудің жолын табуы қажет. Басты рөлдерде: Грант Шумахер, Кэйтлин Даффи. 

Жас рейтингі: 16+  

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=6LZPE875PQQ

🎬”Паранормальное. Прямой эфир» қорқынышты фильмі. Журналист Адриан Маркато «түн ортасына дейін 60 минут» шоуына қатысуға бел байлайды. Оның мақсаты – Үкімет пен жұмбақ мистикалық Культ арасындағы қастандықты әшкерелеу. Басқа дүниелік күштер шындыққа шынымен жанаса ма, әлде мұның бәрі жалған дүние ме? Басты рөлдерде: Герман Баудино, Надия Лозаньо. 

Жас рейтингі: 18+  

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=Df4rREQPWKc

🎬«Леди Баг и Супер Кот: Пробуждение силы» мультфильмі. Қарапайым француз мектебінде Маринетт есімді қыз және ол ғашық болған Адриан есімді бала оқиды. Бұл бастапқыда классикалық алғашқы махаббат хикаясы сияқты көрінуі мүмкін. Бірақ мүлдем олай емес. Қалаға қауіп төнген кезде, Маринетт Леди Баг супер қаһарманына, ал Адриан Супер мысыққа айналады. Олардың керемет қабілеті зұлымдықпен күресуге көмектеседі. Алайда олар бетперде астында кімнің жасырынып жатқанынан бейхабар.

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=rY2OLeGYsdU