Осы аптаның жаңа кинолары

Автор: редактор 08 сентября, 2023


🎬«Әкеге апарар жол» комедиясы. Қайырбек аға өте мейірімді жан еді. Сондықтан оны бүкіл ауыл құрмет тұтатын. Бір жыл бұрын ол жол апатынан қайтыс болады. Алайда өзінің жылдығына бірнеше күн қалған кезде марқұм Қайырбек аға ұлы Дидардың түсіне кіріп, көмек сұрайды. Осылайша, Дидар не болғанын білгісі келеді. Өйткені қайтыс болғанға дейін әкесі жүрек доноры болған. Сөйтіп ол аға-жеңгесімен бірге жүректің жаңа иесіне барады. Оның есімі — Андрей және ол қылмыскер. Жүрек ауыстырғаннан кейін Қайырбек ағаның ерекшеліктерін бойына сіңіреді. Енді олар Андрейді өлтірмекші… Басты рөлдерде: Рамазан Амантай, Дариға Бадықова, Қылышбек Қасымбеков, Виктор Логинов, Рүстем Жаныманов, Ерболат Әлқожа, Сергей Уфимцев, Райхан Қалиолдина.

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=LheF5K6LUh4

🎬«Жол» комедиясы. Жұмыссыз жүрген Шоқан шытырман оқиғаға араласып, соқыр болып көрінеді. Ол зағип жолдастарымен бірге басқа қалаға бара жатқанда Шоқанның ізіне түсушілер келіп, қиындыққа тап болады. Енді ол келеңсіз жайттың шешімін тауып, соқыр достарын құтқаруы керек. Басты рөлдерде: Әбілмансұр Серіков, Жақан Утарғалиев, Ерден Губашев, Ақерке Назарбекова. 

Жас рейтингі: 16+    

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=ZwrrtvxunM4

🎬«Джулс» фантастикалық комедиясы. Өзге ғаламшарлық кеме шағын қалашықта апатқа ұшырап, өңірдің тас-талқанын шығарады. Басты рөлдерде: Бен Кингсли, Джейн Кертин. 

Жас рейтингі: 16+  

  

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=cqCWOaMmwNk

🎬«Голда. Судный день» соғыс драмасы. 1973 жыл. «Қиямет күні соғысы» қызу жүріп жатыр. Египет, Сирия және Иордания жоғалған жерлерін қайтарып алу мақсатында Израильге шабуыл жасайды. Бұл қақтығысты шешу Израильдің тұңғыш әйел премьер-министрі Голда Мейрге байланысты. “Темір ханым” Голданың қасбетінің артында күңгірт сыр жасырылғандықтан, ел тағдыры үшін жауапкершіліктің ауыр жүгін арқалайды. Басты рөлдерде: Хелен Миррен, Камилл Коттен.  

Жас рейтингі: 18+    

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=0quwfIGtGlA

🎬«Мини-диско. Танцуют все!» мюзиклі. Тео мен Лулу есімді достар жыл сайын Рита апай өткізетін аты аңызға айналған шағын диско байқауына шақырту алады. Бірақ жарыс өтетін лагерьге жету оңай болмайды. Олардың жолда көлігі бұзылып, қарсыластары қулық жасайды. Ал көкжиекте жаңа қиындықтар туындайды. Бірақ жеңіске деген ерік, қорқынышқа қарсы тұру достық жолындағы барлық қиындықты жеңеді. Басты рөлдерде: Эстер Мбире, Силь Ван Дер Цван.

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=1jyFHvRsyPA

🎬«Проклятие монахини 2» қорқынышты фильмі. Франция, 1956 жыл. Айриннің әпкесі монахтың кейпіне енген зұлым жынға тап болады. Басты рөлдерде: Таисса Фармига, Бонни Ааронс. 

Жас рейтингі: 18+    

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=86W3YFRnbdU

🎬«Паранормальные явления. Ритуальный дом» қорқынышты фильмі. Төрт блогер кезінде оккультистер өмір сүрген қараусыз қалған үйге барады. Көрермендерінің жүйкесін жұқартқысы келген олар сол жерде рәсім өткізуге уәде береді. Бірақ қарапайым ойын-сауық ағыны басқа дүниелік күштермен нақты қақтығысқа айналады. Басты рөлдерде: Джерилин Армстронг, Майкл Бонини. Жас рейтингі: 18+    

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=3PygZFWUv44

🎬«Приключения аргонавтов» мультфильмі. Пэтти есімді батыл тышқан ежелгі Грецияның қақ ортасында тұрады. Мұнда бәрі мүмкін. Жергілікті батырлар мен көктегі құдайларға тәнті болған ол керемет шытырман оқиғаны армандайды. Оның ең жақын досы, үлкен әрі мазасыз мысық Сэм оны кез келген қауіптен қорғау үшін барын салады.

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=mkI6n-1IsqI

🎬«Пернатый патруль» мультфильмі. Бүркітті тауықтар өсірді. Осылайша оның түйсігі күшін жойып, өзін іздей бастайды. Таңғажайып саяхат бүркітті Құстар қаласына апарады. Онда бүркіт өзінің туыстарын кездестіреді.

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=CGCU2w6pL2g