Осы аптаның жаңа кинолары

Автор: редактор 15 Қыркүйек, 2023


🎬«Жyгірмек» комедиясы. Аудан әкімінің көмекшісіне маңызды тапсырма беріледі. Ол ертең кешке дейін шенеунікке бір айналым ақша жеткізуі қажет. Алайда көмекші бұл істі бір жаққа қойып, кешке досымен серуендеуді ұйғарады. Келесі күні таңертең ол ақшаның жоғалғанын біледі. Енді ол кешегі жолды есіне түсіріп, кешке дейін ақшаны қайтарып алуы керек. Басты рөлдерде: Нұрболат Абдулин, Дастан Қасымшал, Назар Шархан, Еркебұлан Тоқтар, Рүстем Жаныаманов, Әзиз Бейшеналиев, Бота Нұрсейітова , Данагүл Темірсұлтанова, Төлепберген Байсақалов.

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=5XLkGyXKJmQ

🎬«Түпсана және жасыл нәски» драмасы. Дариға отбасымен бірге шағын қалада тұрады. Оның күйеуі, екі баласы, қайын енесі және қайын сіңілісі бар. Дариғаның әр күні бір-біріне ұқсас болды. Соның нәтижесінде ол күнделікті тірліктен шаршап, өмірден ләззат алуды қойды. Себебі күйеуі оған назар аударуын тоқтатса, балалары мүлдем тыңдамайды. Қала берді қайын енесі де тым қаталдық танытты. Сонымен қатар әлі тұрмысқа шықпаған қайын сіңілісі де бар. Тағы бір кезекті жанжалдан кейін Дариға кездейсоқ әйгілі жаттықтырушы ұйымдастырған отбасылық қатынастар бойынша тренингтің жарнамасына тап болады. Тренингке қатысу арқылы ол өмірін өзгертуге шешім қабылдап, «өміріңді өзгерткің келсе, алдымен өзіңнен баста» деген тіркестің мағынасын түсінеді. Осы күннен бастап ол бақытты болуға және әр минут сайын қуануға тырысады. Дариға әрқашан жақсы көңіл-күйде жүрді. Сонымен қатар әрдайым күлімсіреп, тек мақтау сөз айтуды әдетке айналдырды. Дариғаның бұл өзгерісі туыстарына ұнамайды.  Олар бұрынғы ашулы, мұңайып жүрген, мойынсұнғыш, бірақ қалыпты Дариғаны қайтаруды армандайды. Басты рөлдерде: Хамза Ақсүрік, Мұхтарұлы Мерей, Баян Мақсатқызы, Кукатова Гайни, Мақажан Мерей, Каденова Лидия, Данияр Шахнияз.    

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=Lugs_Q4Qp2E

 

🎬» После. Навсегда» мелодрамасы. Тессамен қарым-қатынасы туралы бестселлер Хардинге ақша мен сәттілік әкелгенімен, оның жүрегін жаралады. Бұрынғы қателіктерді түзету үшін Хардин Лондоннан Лиссабонға барады. Алайда мұнда құмарлықтың жаңа құйынына түседі. Тағдыр Хардин мен Тессаға бақытты болуға мүмкіндік береді. Алайда махаббат хикаясының соңғы тарауы қандай болатынын екі ғашық өздері шешеді. Басты рөлдерде: Хиро Файнс Тиффин, Джозефин Лэнгфорд. 

Жас рейтингі: 16+    

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=CavqRekJj_U

🎬«Призраки в Венеции» детективі. Венеция. Зейнеткер Эркюль Пуаро спиритизм сессиясына құлықсыз қатысады. Соның барысында қонақтардың бірі ажал құшады. Бұрынғы детектив бұл істі тергеуге кіріседі. Басты рөлдерде: Кеннет Брана, Мишель Йео.  

Жас рейтингі: 18+    

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=6yiHRyxXk24

🎬«Гнев материнский!» драмасы. Үмітсіз ана және кәсіби журналист Марисса ұлының қатыгез өлімінен кейін бұл істі өз бетінше тергеуге кіріседі. Оның екінші ұлы — полиция қызметкері тергеудің егжей — тегжейін жасыруға тырысып жатқанда, марқұмның қызы қауіпті тергеуге кіріп, анасына көмектесуге шешім қабылдайды. Енді олар аталмыш жол қаншалықты қорқынышты болса да, шындыққа қол жеткізуі керек. Басты рөлдерде: Оливия Кук, Хилари Суенк. 

Жас рейтингі: 18+    

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=fn3ev0qqA9o

🎬«Игра в прятки» қорқынышты фильмі. Жасөспірімдер тобы қарғыс атқан пышақты тауып, одан жынды босатады. Осылайша, жындар балалар ойынының өлімге әкелетін нұсқаларын ойнатуға мәжбүр етеді. Мұнда жеңімпаздар болмайды. Тек аман қалуға мүмкіндік бар. Басты рөлдерде: Эйса Баттерфилд, Лорел Марсден. 

Жас рейтингі: 18+    

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=eIZPH5AR0dM

🎬«Астрал. 13-й этаж» қорқынышты фильмі. Жас экзорист Игбалды қорқынышты көріністер азаптайды. Жағымсыз дүниелерден арылуға тырысқан жігіт – өзінің керемет күшін басуға шешім қабылдайды. Алайда басқа әлемнің күштері шабуылға шығып, бүлік шығара бастағанда, Игбал отбасы мен достарын қорғау үшін өз күшіне қайта оралуға мәжбүр болады. Басты рөлдерде: Шахидан Абдулла, Бронт Паларе. 

Жас рейтингі: 18+