Осы аптаның жаңа кинолары

Автор: редактор 01 мая, 2025


«Қайын ата — Күйеу бала» комедиясы. Төлеген – жиһаз фабрикасында жұмыс істейтін қарапайым жұмысшы. Оның бастығы Темірбектің үнемі көңілі толмай жүретін. Алайда тағдырдың тосын сыйы бұл екеуін жақын туысқа айналдырады – Темірбектің қызы Аружан Төлегеннің сүйіктісіне айналады. Бұл жаңалықты болашақ қайын атасына айтуға Төлегеннің әлі батылы жетпеген еді… Басты рөлдерде: Қуаныш Жылжақсынов, Аделина Ералиева, Әділжан Шомбалов, Шынар Жанысбекова.
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=45IOpwD12ck

«Игроманка » драмасы. Жұлдыз – құмар ойынға тәуелді әйел. Ол өмірінің ең ауыр таңдауына тап болады: ойын ба, әлде ұлы ма? Бұл сұрақтың жауабы анық сияқты көрінгенімен, дұрыс шешім қабылдау үшін Жұлдызға өзінің ішкі әлеміне терең саяхат жасауға тура келеді. Осы жолда оған кәсіби психолог кездесіп, қайта түлеу жолындағы алғашқы маңызды қадамдарды жасауына көмектеседі.
Басты рөлдерде: Гүзел Жан, Жаңғазин Жалғас, Бахтияр Қожа, Алтынай Нөгербек.
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=hlYMQnIb-PY

«Желаяқ» мультфильмі. Амир есімді бала ерекше қабілетке ие – ол өте жылдам жүгіре алады. Оның бұл күшін иемденгісі келген зұлым Мыстан мен оның көмекшілері – Қай, Ақтүлкі және дәрігер Қайсар – баланың соңына түседі. Бұл анимациялық туынды бала қиялын шарықтатып, әр көрерменге өзін бүгінгінің қаһарманы ретінде сезінуге мүмкіндік береді. Ертегідей оқиға жақсылықтың әрдайым жамандықты жеңетінін тағы бір дәлелдейді.
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=UHCwVOYE5As

«Громовержцы» фантастикасы. Орталық барлау басқармасының директоры Marvel-дің антиқаһармандар тобын айлакерлікпен өлімге апарар тұзаққа түсіреді. Аман қалу үшін бұл жаралы жанды топ өз өткендерімен бетпе-бет келуге мәжбүр болады. Тек біртұтас күшке айналса ғана олар тірі қалмақ.
Басты рөлдерде: Себастиан Стэн, Флоренс Пью. Жас рейтингі: 16+
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=IU0z5hPzagE

«Серфер» триллері. АҚШ-та бірнеше жыл өмір сүрген ер адам туған еліне, Австралияның жағалауындағы қаласына оралады. Бір күні жасөспірім ұлымен бірге серфингке шықпақ болады. Алайда ол серфингшілер тобының қарсылығына тап келеді. Бұл кездесу қатыгез текетіреске ұласады.
Басты рөлдерде: Николас Кейдж, Финн Литтл. Жас рейтингі: 18+
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=-dAyNx8_c0o

«Хаген. В долине Нибелунгов» фантастикасы. Қатал викингтер әлемінде жауынгер Хаген ежелгі тәңірлермен одақ құрады. Әділет жолын іздеген ол жер бетін қараңғылық пен тәртіпсіздікке ұрындырмақ болған жауыз билеушіге қарсы қылыш сермейді. Басты рөлдерде: Гийс Нейбр, Яннис Нивёнер. Жас рейтингі: 18+
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=cL0wh6GXXYw

«Ночь с психопатом» триллері. 90-шы жылдар. Поп-әнші әрі сән иконасы София Майнор арманындағы өмірді кешіп жатыр. Алайда даңқ пен байлықтың көлеңкелі жағы бар — психиатриялық ауруханадан қашқан жанкүйері ессіз достарымен бірге оның зәулім үйіне баса-көктеп кіріп, оны мәжбүрлі “үйлену тойына” дайындайды.
Басты рөлдерде: Самара Уивинг, Рэй Николсон. Жас рейтингі: 18+
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=hNjBPRoxM80