Осы аптаның жаңа кинолары

Автор: редактор 04 Тамыз, 2023


🎬»Шала бандиттер» комедиясы. Бір күні бетперде киген екі қарақшы Серіктің үйіне басып кіріп, отбасы мүшелерін кепілдікке алады. Серік қарақшылардан құтылу үшін ақша ұсынады. Бірақ олар ақшадан бас тартады. Өйткені қарақшылар тонау үшін емес, басқа мәселені көздеп келген… Басты рөлдерде: Жан Байжанбаев, Ілияс Көпжасаров, Әшім Ахметов, Ұлболсын Шалқарова, Айзере Мемелхан, Мәлік Адраманов, Жанболат Шырбанов.

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=BcgVBqZpZMQ

🎬»Круиз по джунглям: Тайна Вальверде» шытырман оқиғасы. Үлкен қауіпке толы Вальверде аралында жалғыз өзі аман қалған Джек Мимун үйіне оралғаннан кейін теледидар жұлдызына айналады. Олардың өршіл, бірақ ұқыпсыз менеджері Бруно, жұмбақ қыз Орели және белгісіз мылтық тиеген жалдамалы Жан-Марктың сүйемелдеуімен қауіпке толы аралдағы джунглиден қымбат қазына іздеуге шығады. Басты рөлдерде: Малик Бентаглия, Джозефин Жапи. 

Жас рейтингі: 16+  

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=URx0orxM8tY

🎬»Мег 2: Бездна» қорқынышты фильмі. Бұл – “Мег: Тереңдегі құбыжық” экшн-хоррорының жалғасы. Мұнда тіпті тираннозаврды судан шығара алатын үлкен акула туралы баяндалады. Басты рөлдерде: Джейсон Штайт, Сиенна Гиллори. 

Жас рейтингі: 16+  

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=h0jB3_u6Z5A

🎬»Пингвинёнок Пороро. Нападение монстров» мультфильмі. Пороро және оның достары бір алаңға айналады. Жұмбақ вирус айналадағы жандардың  бәріне әсер етеді. Енді Пороро мен достары ойын патшалығын қорғауы қажет. 

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=KU3uQfOXazM

🎬»Свадебная резня» триллері. Үйлену тойы – әрбір әйел өміріндегі ең бақытты күннің бірі. Алайда тойдан қашқан жас қалыңдық үшін бұл сәтсіз әрі қорқынышты түн болмақ. Себебі оның бұрынғы күйеуі қаскөй достарын ертіп, оны өлтіру үшін саяжайдағы үйіне басып кіреді. Егер қалыңдық таңға дейін аман қалса, бұл түн ол үшін ұмытылмас естеліктің бірі болары сөзсіз. Басты рөлдерде: Кэм Жиганде, Джейсон Патрик. 

Жас рейтингі: 18+  

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=77SThv0Fizo

🎬 «Корабль призраков» қорқынышты фильмі. Атақты трансатлантикалық “Королева Мэри” лайнері – тарихта “ең зұлым кеме” деген атпен тарихта қалған. Өйткені мұнда Титаниктен де  қауіпті апаттар мен жұмбақ өлімдер орын алған. 1938 жылы өткен оқиға бүгінде қайталануда. Осылайша баласын құтқару үшін бірнеше ата-ана нағыз сұмдықты бастан кешіріп, қарғыс атқан кеменің елестерімен бетпе-бет келеді. Басты рөлдерде: Элис Ив, Джоэль Фрай. 

Жас рейтингі: 18+  

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=ifkUeIdIBoc

🎬»Черепашки-ниндзя: Погром мутантов» мультфильмі.

Канализацияда тұратын және пиццаны жақсы көретін Тасбақа суперқаһармандары туралы толық метражды франшизаны қайта жүктеу.

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=3klTHl9PhI0