Ақпанның мессенжерлерде «Редан туралы ақпарат тарай бастады. Кей дереккөздер оны субмәдениет деп атаса, екіншілері қылмыстық топ деген. Сондай-ақ, топ басқа ұлт және субмәдениет өкілдерімен жаппай төбелес ұйымдастырады деп жазылған. Негізінен ата-аналар мен оқушылардың әлеуметтік желілердегі топтарында тарап жатқан хабарламада «Редан» қатысушылары балалардың қоғамға қарсы жүріс-тұрысын насихаттайтыны айтылады. Хабарламада осыған байланысты құқық қорғау органдары сауда орталықтарында жасөспірімдерге рейд жасап, оларды ұстап жатқаны жазылған.
«Рёдан» — субмәдениет, ұйым немесе банда емес, ол мәдени феноменге көбірек келеді. Топтың жекенменшік әскери компанияларға мүлдем қатысы жоқ, ЧВК аббревиатурасы қалжың ретінде қолданылған.
Мәскеу сауда орталықтарының бірінде болған жасөспірімдердің жаппай төбелесі мен интернеттегі талқылауларға дейін Редан аз ғана қатысушыдан тұратын қауымдастық еді.
Желідегі асыра сілтеу Ресейдің бірнеше қаласындағы жасөспірімдердің жергілікті жанжалдарына ұласты. Ал Ресей, Украина, Беларусь пен Қазақстанның полиция, депутаттар мен мыңдаған ата-ана «Редан» деген «жастардың әскери ұйымы» бар екеніне сеніп қалды.
Әуелде «Редан» қызығушылықтары бір достардың шағын бейресми тобы болатын. 2020 жылы топ мүшелерінің бірі Хикикомори Кай лақап аты бар дизайнер Hunter x Hunter манга мен анимесінен шабыт алып, киімдер желісін шығарды. Оның кейіпкерлерінің ішінде «Елес труппасы» немесе «Өрмекші» деген атпен танылған «Геней Рёдан» қылмыстық тобының мүшелері бар. «Рёдан» киімдер желісіндегі ақ-қара түсті толстовка, футболка мен худиде он екі табаны бар үлкен өрмекші бейнеленген.