Қайырлы күн, қымбатты достар! Менің есімім Кайбар. Мен Сакура клиникасында пластикалық хирургпын. Пластикалық хирургиядан басқа, жақ-бет пластикалық хирургымын және жалпы хирургпын.
1. Өзіңіз және мамандығыңыз туралы біраз айтып бересіз бе?
Менің жасым 29-да, осы клиникада 6 жылдам астам жұмыс істеп келемін. Сәйкесінше пластикалық хирургиядағы тәжірибем де 6 жылдам астам.
2. Пластикалық хирург болу үшін не істеу керек?
Қазақстанда пластикалық хирург болу үшін, пластикалық хирургия бойынша резидентураны аяқтау жеткілікті. Біз университетті аяқтаған кезімізде жақ-бет және пластикалық хирургия болды. Ал 2 жылдай бұрын медициналық университеттерде тек қана пластикалық хирургия бойынша резидентура ашылды
Біз не істеуіміз керек: біріншіден медициналық жоғары оқу орнына түсіп, жалпы медицина бағытын бітіру, қазіргі уақытта оқу ұзақтығы 5 жылды құрайды. Содан кейін интернатурадан өту қажет. Біз оқыған кезде, ол 2 жыл болды және жалпы хирургиядан өтті. Сол кезде интернатура — педиатрия, терапия, жалпы хирургия, акушерлік және гинекологияға бөлінді.
Мен жалпы хирургия бағытын таңдадым. Кейін 2 жыл интернатураны оқыдым. Жалпы алғанда 7 жыл оқыдым. Қазігі уақытта жалпы практика дәрігері – бұл 1 жылға созылатын интернатураның жалпы курсы болып табылады.
Әрі қарай сізге резидентураға түсу қажет. Өз басым жақ-бет пластикалық хирургиясына түстім. Сол кезде резидентураның оқу ұзақтығы 3 жыл болды. Қазіргі уақытта сіз бірден 4 жыл оқытылатын пластикалық хирургияға түсе аласыз.
3. Хирургтарда практика қалай өтеді?
Хирургтардың практикасы. Ол қалай өтеді.
Біріншіден, медициналық университетке түскен кезде, бірінші курста, ешкім саған практикамен айналысуға тыйым салмайды. Сен сол кезден-ақ, өзін жұмыс істеуге ұнататын салаларды белгілей аласын. Негізгі бағыттарға — балалар хирургиясы, жалпы хирургия, травматология және ортопедия жатады.
Маған қабылдау бөлмесінде жұмыс істеген ұнайтын. Бұл жерде жедел медициналық хирургиялық көмек көрсетіледі, мысалы, травмпункт, балалар травмпункті және т.б. Немесе жалпы хирургиялық операцияларын ассистенциялауға қатысу. Бұл — қуыс операциялары, лапароскопия, лапаротомия, трансплантация және т. б.
Ең бастысы – бұл қорықпай қызығушылығыңызды көрсету. Егер ынтаңыз болса, практикамен бірінші курстан бастап айналысуға болады. Бірақ, әрине, алғашқы 3 курста өтілетін негіздерді оқыған жөн. Кейін 4-ші курстан бастап білімдеріне деген толық сенімділікпен, практикада дәрігерлерге ассистенция жасай аласыз. Немесе өзіңіз қабылдауларды жүргізе аласыз. Бұл қабылдаудың жүрісін қадағалайтын және хирургиялық манипуляция жасауда көмектесіп, бағыттайтын тәжірибелі дәрігердің бақылауымен өтеді.
Содан кейін, жалпы хирургия бойынша интернатура басталғанда. Біз хирургияның әрбір саласын жеке-жеке өтеміз. Әр бөлімде өзінді тиісінше көрсете білу қажет. Қызығушылық таныту, егер саған ұнайтын қандай да бір бағыт болса, онда нақты сол бағытта өзінді дамыта бастауға болады.
Егер сіз пластикалық хирург болуды армандап медициналық университетке түссеңіз, онда, әрине, ең бастысы – бұл дағдыларды дамыту. Тігіс дағдыларын, ішкі және сыртқы тігістерді дұрыс тігуді үйрену. Косметикалық тігіспен тігуді үйрену — бұл анайы тері ішілік тігіс, ол болашақта мүлдем жоғалатын, мінсіз тыртықтар қалдырады.
4. Медицинадағы қаражат жағынан ең өзекті мамандықтарды атай аласыз ба? Пластикалық хирург оларға жата ма?
Бірден айтайын, медицинаға, жалпы денсаулық сақтау саласына ақша үшін бармаңыз. Бұл салада ақша таба алмайсыз деген сөз емес, дегенмен бұл салада сіз жауапты, мейірімді және ең бастысы парасатты адам болуыңыз керек. Себебі адамдар дәрігерге аурумен, қандай да бір күйзеліспен келеді, ал сіздің дәрігер ретінде міндетіңіз — бұл ақша жасауға тырысу, өз пайдаңыз үшін адамның емін созу емес, бұл — мүмкіндігінше қысқа мерзім ішінде оны емдеу болып табылады. Яғни, осы салада, осы мамандықта пайда іздемейміз!
Медицинадағы ең жоғары жалақы алатын мамандықтарды алсақ, әр елде, әр континентте еңбекақы төлемдерінің айырмашылықтары бар. Егер Қазақстанды алсақ, бірінші кезекте жақсы табыс алатындар — профессорлар. Сіз кез-келген салада профессор бола аласыз: травматология, терапия, педиатрия және т.б. Осылайша, сіз жақсы ақша таба аласыз.
Егер сен өз салаңда шебер болсаң, көрнекті білімдерің болса, халық оны көреді де, саған келіп, қуана-қуана берген еміңді алады.
Әрине, хирургиялық мамандықтардың төлем ақысы сәл жоғары болады, себебі бұл операция. Операция дәрігерге, медициналық қызметкерлерге психологиялық жағынан жүктеме жасайды, сондықтан осыған байланысты хирургтарға үстеме беріледі.
Егер терапевт бір сағат ішінде 5 науқасты қабылдай алса, хирург бір сағат ішінде жарты немесе бір операция жасайды. Біз кім көп ақша алатының санамаймыз, бірақ жалпы айтқанда қаражат жүктемелерге сәйкес белгіленеді. Менің білуімше, Қазақстанда анестезиологтар мен реаниматологтардың төлем ақысы ең жоғары болып келеді.
Пластикалық хирургтың төлем ақысы мекемеге байланысты. Себебі пластикалық хирург мемлекеттік ұйымдарда емес, жеке мекемелерде жұмыс істейді. Мемлекеттік ұйымдарда анестезиологтар мен реаниматологтар тұрақты түрде жақсы қаражат табады. Бірақ егер жеке практиканы қарастырсақ, пластикалық хирургтар басқа дәрігерлермен бірдей деңгейде жақсы қаражат табады, тіпті көпбірек табуы да мүмкін.
5. Неліктен қазақстандық жоғары оқу орындарында «пластикалық хирург» мамандығы жоқ?
Мен өткен сұрақта жауап бергендей, қазақстандық медициналық жоғары оқу орындарында пластикалық хирургия мамандығы бар. Ол жақында ғана, шамамен 2 жыл бұрын пайда болды.
Бірақ айта кету керек, бұл мамандыққа гранттар бөлінбейді, яғни бұл толықтай ақылы мамандық. Оқу ақшасын жеке практикада, қабылдауларда, операция арқылы қайтара алам деген үмітте, оқуды өз қалтаңыздан төлейсіз.
Жалпы бұл керемет факультет, бірақ оған студенттердің белгілі бір саны ғана қабылданады. Пластикалық хирургия кафедрасы орналасқан жеке клиникалық базалар үшін көп студенттерді қабылдағаннан ешқандай пайда жоқ, себебі кафедра түлектері болашақ бәсекелестер болып табылады. Сондықтан, орта есеппен алғанда, осы мамандық бойынша оқи алатын орындар саны жылына 5-тен 10 адамға дейін шектелген. Бұның жақсы немесе жаман екенін білмеймін, бұл енді әрбір адамның қарауына баланысты.
Бұл сенің оқудан, резидентурадан кейін қайда жұмыс істейтініңе, байланысты. Егер де сен жақсы клиникаға орналассаң немесе пластикалық хирургияны оқуды бастаған клиникада қалсаң, бұл жерже жинақталған клиенттер базасы бар. Бұл клиника тек бір қалада ғана емес, сонымен қатар мемлекет ішінде тіпті басқа елдерде де әйгілі болса, әрине, оқуға жұмсалған ақшаны бір ай немесе жарты жылдың ішінде растап алуға болады.
6. Болашақ медицина қызметкерлеріне тілектеріңіз
Ең бастысы, осы мамандыққа, жалпы медицинаға — зиян келтірмейм, өзімді жақсы жағынан көрсетем, ақша туралы ойламайм, басқа адамдарға қалай көмектесу туралы ғана ойлайм деген ниетпен бару керек. Өзіңіз туралы да ұмытпаңыз. «Өзгелерге жарқырап, өзімді өртеймін» деген сөз бар, яғни біз де адам екенімізді, бізге де денсаулық керек екенін, оның да нашарлауы мүмкін екенін ұмытпау қажет. Сондықтан басқалардың өмірін сақтап, өзің туралы да ұмытпа!