Featured Video Play Icon

Футболдан Катарда өтетін Әлем чемпионатындағы ең қымбат құрама белгілі болды

Автор: редактор 19 Қараша, 2022


Футболдан Катарда өтетін Әлем чемпионатындағы ең қымбат құрама белгілі болды

Әлем чемпионатында өнер көрсететін барлық командалар құрамын жариялады. Халықаралық спорттық зерттеулер орталығының мәліметінше, Катарда өтетін әлем біріншілігінің ең қымбат құрамы Англияға тиесілі. Екінші орында Бразилия құрамасы, ал үздік үштікті Франция қорытындылап тұр.

Әлем чемпионатындағы ең қымбат 5 құрамалар мынадай:
1. Англия – 1,499 миллиард еуро;
2. Бразилия – 1,455 миллиард еуро;
3. Франция – 1,337 миллиард еуро;
4. Испания – 1, 201 миллиард еуро;
5. Португалия – 1,154 миллиард еуро.