Барлықтарыңызға сәлем! Менің есімім — Алимхан. Мен математика пәнінің мұғалімімін. Қазіргі таңда балаларды ҰБТ-ға дайындап келемін. 4 жылдың ішінде көптеген оқушыларым түрлі университеттерге түсті.
1. Репетитордың міндеттеріне не кіреді?
— Репетитордың ең басты міндеті — оқушымен қарым-қатынас. Егер оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасы төмен деңгейде болатын болса, онда олардың арасында түсініспеушіліктер көп болады. Сол түсініспеушіліктердің арқасында көптеген балалар өздерін ашып көрсете алмайды. Менің ойымша, осы мәселелер кейін оқушыға зиянын тигізеді.
2. Репетитор мектептің мұғалімін алмастыра алады ма?
— Әрине, менің ойымша мектептегі мұғалімдерді репетитор алмастыра алады. Себебі мектепте берілген уақыт өте шектеулі және жеткіліксіз деп ойлаймын. Ал репетитормен сіз өзіңізге ыңғайлы уақытты таңдай аласыз және сол уақытта оқушымен жеке жұмыс істелінеді.
3. 5-ке оқу үшін міндетті түрде репетиторға бару керек па?
— Менің ойымша бұл жеке оқушының өзіне байланысты және оқушының жеткілікті қызығушылығы болса ол репетиторсыз өз күшімен беске оқи алады.
4. Аз уақыт ішінде ҰБТ-ға қалай дайындалуға болады?
— Егер оқушыда ҰБТ-ға дейін уақыты жеткілікті болса, теорияға көп көңіл бөлуі керек. Себебі теория арқылы оқушы тақырыпты түсінеді және сол түсінуі арқылы берілген есептерді шеше алады. Ал егер уақыт аз, жеткіліксіз болса, мен өз тәжірибеме сүйене отырып, практикаға көп көңіл бөлуді ұсынар едім.
5. Репетитор болып кім жұмыс істей алады?
— Репетитор болып әр адам жұмыс істей алады деп айта алмаймын. Себебі — бұл мамандықта ең бастысы ол білім деп ойлаймын. Егер өзіңізге сенімді және білімді адам ретінде қарасаңыз, сізге бұл мамандыққа жол ашық.
6. Репетиторлар қанша жалақы алады?
— Репетитордың жалақысына келетін болсақ, ол оның білімі мен тәжірибесіне байланысты. Ал егер төлемнің түрлеріне келетін болсақ, ол репетитордың ыңғайына қарай. Кейбір репетиторлар сағатына, кейбір репетиторлар аптасына және айына төлем алады.
Осы жылы бітіріп жатқан абитуриенттерге кеңесім — уайымдамандар, ең бастысы, өз білімдеріңізді жақсылап көрсетіңіздер! Үйде жатпаңыздар!