Featured Video Play Icon

Ресейден қашқандар елімізде пәтер бағасын шарықтатты

Автор: редактор 28 Қыркүйек, 2022


Ресейден қашқандар елімізде пәтер бағасын шарықтатты

Екі күн ішінде баспананы жалға беру ақысы екі есеге өсіп кетті. Сарапшылар бұған ел ішіндегі ақпараттық дүрбелең себеп болғанын айтады.

Алматыда баспанасын жалға берушілер қомақты пайда таба бастады. Олар бағаны бір түнде көтеріп жіберген. Үйді жалға беретін сайттарға кірсек, 1 бөлмелі пәтерлердің құны 200 000 теңгеден басталады, ал 2 бөлме үшін орташа есеппен 400 000 теңге сұрайды.

«Қазір Ресейден келіп жатқандар көп. Біздің баға оларға түк емес. Бағаны екі есе көтеріп жатыр», – дейді Алматы тұрғындары.

Астанада да пәтерді жалға беру ақысы өскен. Екі күннің ішінде 120-150 мың теңгеге беріліп жүрген баспана қазір 2 есе қымбаттаған.

Ал сіз пәтер жалдайсыз ба?